RU

Құрылысшылар "Доширак" лапшасының ішінен тышқан тауып алды (видео)

Әлеуметтік желіде "Доширак" жедел лапшасының ішінен тышқан шыққаны туралы бейне жазба тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бақыткелді Ниязбеков есімді азаматтың Facebook парақшасындағы «Қытайлар бізді немен тамақтандырып жатыр?» деген жазбасы көпшілікке таралып кетті.

Видеодан құрылысшы жігіттер түскі асқа аталған өнімнің 2 данасын әкеліп, әзірлеп жемек болғанда тұздық салынған қапшықтан тышқанның өлі денесі шыққаны көрсетілген.

Айтуларынша "Доширакты" олар жақын маңдағы дүкеннен сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031424-qurylysshylar-doshirak-lapshasynynh-ishi.html