RU

Нұртас Адамбаев Сабина келінге қатты ұқсайтын әйелге іздеу салды

Танымал продюсер әрі актер Нұртас Адамбаев өзінің қойылымдарының бас кейіпкері Сабина келінге қатты ұқсайтын әйелге іздеу салды.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларында әртіс өзінің кейіпкеріне ұқсайтын әйел туралы бір күннің ішінде 300-ге жуық хабарлама алғанын айтып, басында назар аудармағанын, бірақ енді мұны аяқсыз қалдыруға болмайтынын алға тартқан.

"Іздеу саламын, кім біледі, аты кім екен? Кездесіп жатсаңыздар, біз оны іздеп жатқанымызды айта жүріңіздер. Біз ол үшін арнайы сыйлық дайындап қойдық. Сондай-ақ біз оны VIP-қонақ ретінде "Келинка Сабина -2" фильмнің алдын-ала көрсетіліміне шақырамыз!", - деп сәлемін жолдады шоумен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037700-nurtas-adambaev-sabina-kelinge-qatty.html