Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Домбыраны өз ұлттық аспабы деп көрсеткен қытайлықтар кешірім сұрады

Опубликовано:

Қытай ханшайымы туралы телесериал түсірген компания өкілдері қазақтың ұлттық музыкалық аспабын пайдаланғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлады «Қамшы» порталы.

Же Ю  ханшайым — Хань дәуірінде Үйсіндерге ұзатылған ханзу қызы.

Сол ханшайым туралы түсірілген сериал авторлары дайындығының кемдігінен Же Ю ханшайымның қолына қазақ аспабын ұстатуға мәжбүр болғандарын мойындап, жұртшылықтан Weibo әлеуметтік желісі арқылы кешірім сұраған.

Айта кетейік, көп бөлімнен тұратын телехикаяда б.з.д 1 ғасыр дәуіріндегі Қытай Хан династиясымен қазақ тарихындағы Үйсін тайпасы арасындағы тарихи байланыс бейнеленген, деп хабарлады Қазақпарат.

Телехикаяның 21-бөлімінде бастапқы минуттарында Үйсін елінің патшасы яғни күнбиі Елжаудың алдында жаңа түскен қалыңдығы Хан династиясының ханшасы Жие Юй қытайдың ұлттық аспабымен ән айтады.

Жақсылап қарасақ, қалыңдықтың қолындағы музыкалық аспап Қазақстанның Мемлекеттік туындағы күннің суреті әрі оюы салынған қазақтың кәдімгі домбырасы. Оны кейіпкер «қытайдың ұлттық аспабы «Пипа» деп таныстырады.

Бұл көрініс тез арада елдегі танымал Sina Weibo (Туитердің баламасы) және WeChat әлеуметтік желісінде кеңінен талқыланып, қытайдағы қандастарымыздың наразылығын тудырды.

Наразылықтың өршуіне байланысты, тарихи киноны түсіруші топ Sina Weibo келтеблогының ресми парақшасында қазақ халқынан кешірім сұраған жазбасын орналастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1056051-dombyrany-ozininh-ulttyq-aspaby-dep-ko/

pixel