RU
Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болды

Фото pavon.kz
Source: UGC

"Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген президент жарылығында.

Өңір активіне жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов және Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин таныстырды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2014 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарған Болат Бақауов 1971 жылы туған. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану, 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын экономика және кәсіпорындарды басқару мамандығы бойынша тәмамдады.

Ол еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1993 жылдан 2008 жылға дейін шағын құрылымдарда басшы қызметін атқарды. 2008 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Павлодар облысы Качир ауданында, 2011 жылғы қазан айынан 2014 жылғы сәуір айына дейін Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
8
28
0
1
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel