RU

Ақтөбеде ер адамның жыныс мүшесін кене шағып алды

Ақтөбеде қансорғыш жәндік шаққан науқастардың қатары артты. Дәрігер көмегіне жүгінгендердің бірі – жыныс мүшесін кене шағып алғандығын айтқан.

Бұл жөнінде Керек.info тілшісіне жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева айтты.

Ақтөбеде мамыр айы басталғалы бері маса мен кене шаққандар көбейді. Қансорғыш жәндіктерден ересектер де, балалар да зардап шегуде.

"Маса шаққан тұрғындардан 7-10 мамыр аралығында жедел жәрдем қызметіне 108 шақырту түсті. Зардап шегушілердің басым бөлігі – балалар. Өйткені, балаларда маса шаққан кезде аллергиялық реакция пайда болады. Қансорғыш жәндік шаққан жер қызарып, ісіп кетеді", - дейді жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева

Ал дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің бірі жыныс мүшесін кене шаққандығын айтып шағымданған. Ер адам қансорғыш жәндікті өз бетінше жұлып алған. Алайда, ісік пайда болғандықтан, дәрігерлер көмегіне жүгініпті.

Тағы да оқыңыздар:

Атырауда түннің бір уағында өзенде селфи жасамақ болғандар суға батып кетті

БҚО-да жоғалған баланың мәйіті Атырау облысындағы өзеннен табылды

Батыс Қазақстанда екі баланы жылан шағып алды

Семейде көшедегі тұрғынның үстіне ағаш құлап кетті

Шымкентте 8 күн бойы өліммен арпалысқан оқушы жансақтау бөлімінде көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1128970-aqtobede-er-adamnynh-zhynys-mushesin-ken.html