RU

Жанар Айжанованың қызы желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды (видео)

Әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз оқырмандарын күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі әнші Жанар Айжанова соңғы жылдары өзінің әдемі әзілдерімен түрлі комедиялық рөлдерді сомдап жүргені белгілі. Осылайша, ол әншілік өнерімен қоса, дарынды актриса екендігін де дәлелдеп жүр. Енді Жанар Айжанова ғана емес, оның қызы Айжұлдыз да анасы секілді жұртқа тамаша көңіл-күй сыйлай алатынын көрсетіп жүрген жайы бар.

Жуырда оның Instagram желісіндегі парақшасында анасымен бірге түскен видеосы жарық көріп, оны көрген қолданушылар қыран-топан күлкіге қарқ болды.

Видеода Айжұлдыз өзін «Жұлдыздармен сырласу» бағдарламасының жүргізуші ретінде таныстырып, белгілі әртіс Жанар Айжановадан сұхбат алып отырған сыңай танытады. Оның бірінші қойған: «Сіз Instagram желісінде көп отырасыз ба?», - деген сұраққа, әншінің: «Көп отырмаймын, уақытымды ұтымды пайдаланамын, кір жуамын, ыдым жуамын, ән айтамын», - деген ұзын-сонар жауабын ары қарай тыңдап тұруға шамасы келмеген кейіпте жүргізуші эфирді аяқтауға мәжбүр болады.

Желі қолданушылары Айжұлдыздың әртістік қабілетіне сүйсініп, бірі оны анасына айнымайтын дарын иесі десе, екіншілері көңілі көтерілгенін айтып, әдемі әзілі үшін алғыстарын білдірді.

«Расында көнілді көтердіңіздер, керемет», «Рахмет Сіздерге, үнемі ерекше фотолар мен видео роликтерді салып көңіл күйді көтеріп отырасыздар», «Алғысым шексіз. Алла жар болсын !!», «Құладым, ішегім үзіліп», «Күлкілі, керемет», «Биі көңілім көтеріліп қалды, үнемі сенің видеоларыңды күтем, ұнайды. Әрқашанда езуіңнен күлки кетпесін, « Сіздерге қызыға қараймын. Тіл көзден аман болыңыздар. Менің қызым да осындай сіз сияқты боп өссе деп армандап қоям», «Талант», - деп жазды олар сүйсініп.

Тағы оқыңыз:

Карина Горичева Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстан Олимпиададағы жалпы есепте 27-ші орында келеді

ҚДБ зейнетақы қорынан тартылған 15 млрд теңгені «ЭКСПО-2017» құрылысына жұмсайды

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйелдің бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған

Қапшағайда балалар мектеп маңына көмілген нәрестені тауып алды

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1215481-zhanar-ayzhanovanynh-qyzy-zheli-qoldanush.html