Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)

Опубликовано:

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекқызы баласы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешіргенін өз естелігі арқылы жеткізді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына видео жүктеген, онда Қайраттың бала кезінен бергі өнерде жүріп көрген қиындықтары мен оларды жеңіп шығудағы анасының рөлі бейнеленген. Видео «Жаралы жанның әні бұл» әнімен әрленген. Мұңлы ән мен видеодағы кадрлар жүрек түкпіріне жеткен сыңайлы.

Желі қолданушылары әншінің анасының бұл естеліктерін жылы қабылдап, тіпті кейбірі көзіне жас келіп, жылап алғанын да жазды. Видеода тіпті Қайрат Нұртастың анасының белгісіз біреулермен арпалысқа түсіп, Қайратты көлегейлеп жатқан кадрлар да бар.

Мұны көрген оқырмандар Қайраттың шын мәнінде осы күнге дейін көптеген кедергілерден, аяққа шалулар мен көреалмаушылықтардан өткенін айтты. Бірақ, ештеңеге қарамастан бүгінгі дәрежеге жеткені де анасының арқасында дейді желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Рио-2016: 11 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?

Қарағандыда үлкен салтанатпен ашылып, бір де бір ұшақ шығармаған зауыт сатылымға қойылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Атырау облысында мемлекеттің миллиондарына салынған емхана құлағалы тұр

Өзбектің кербез әншісі Рамзан Қадыровпен кездесуге хиджаб киіп келді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1218009-anasy-qayrat-nurtas-ushin-tobeleske-de/

pixel