RU

Еркекті бағындырудың амалдары қандай?

Психологтардың пайымдауынша, ер мен әйелдің арасын жақындастырып, жымдастырып жіберудің сан-түрлі амал айласы жетіп артылады екен. Мұның бәрі де болашаққа бірге бару үшін қажет қағидалар.

Бұл туралы Алаш айнасы жазады.

Әйел адамдарға еркекті айқай-шу, ұрыс-керіссіз бағындырудың жолдары қандай?

Қабағыңызды қарс түйіп, тұнжыраңқы жүру отағасының жүйкесіне тиеді. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт те болса серпіліп, күйеуіңізге керемет «климат» сыйлау қиын емес. Ол үшін жұмыстан шаршап, шалдығып келгенде, алдынан күндей күлімдеп шықсаңыз болғаны. Оның екі езуі екі құлағына жетіп, мұз сияқты ел-сел болып еріп жүре беруі әп-сәтте. «Әйел күлсе, әлем күледі» дегенді бір сәт те ұмытпаған жөн.

«Еркек асқазаны арқылы сүйеді». Ол рас. Тұзы татымаған, дәмсіз тамақтан жалыққан күйеуіңіз қолы епсекті, тіл үйірер тәтті тамақ пісіретіндерге аңсары аууы ғажап емес. Сондықтан да, асығыс үсігіс, жүрдім бардым әйтеуір бірдеңені шыж-быж істей салған дұрыс емес. Әсіресе, күйеуіңіз сүйсініп жейтін тағамдарды бар өнеріңізді салып дайындауды үйреніп алудың еш артықтығы жоқ. Ол үшін ықылас болса болғаны.

Кітап деген жетерлік. Оның үстіне теледидарда да ас пісірудің қыр-сырын үйрететін бағдарламалар да көмектесе алады. Тіпті, болмаса бармағынан бал тамған аспаздардан ақыл кеңес алғанның да артықтығы жоқ.

Отағасының айтқанын екі етпей орындауға ұмтылсаңыз, ұтылмайсыз. «Олай емес, бұлай болуы керек» деп қарсы майданға шығудың қажеті жоқ. Ондайда күйеуіңіздің қызуы 40 градусқа көтеріліп кетуі мүмкін. Ашуланған еркекті ешқашанда айқайласып жеңе алмайсыз. Оның да көңілін қалдырасыз, өзіңіздің де жүйкеңіз тозады. Ашуы басылғасын, «басеке, былай етсек қалай болар екен?» деп ойыңыздың тура екенін дәлелдей білсеңіз, ол жайылып сала береді.

Майда-шүйдеге дейін мән беріңіз. Кейде қолым тимей жатыр деп оның қолына ожау ұстатудың қажеті жоқ. Оның ине ұстап отырғанын, кір жуғанын қалап тұрсаңыз да, оған жол бермеңіз. Біріншіден, қазан ошаққа жолаған еркектің қайраты қайтады. Екіншіден, асханада мықшыңдауды ешқандай еркек қаламайды. Олар үшін бұл ұсақ-түйек.

Қымбат тон алғыңыз келді. Құрбыларыңыздың бәрі киіп жүр. Сізде ғана жоқ. Бұл жерде «елдің еркегін көрдің бе?» деудің тіпті де қажеті жоқ. Өзінен мықты шыққанын еш еркек жаратпайды. Одан да бипаздап отырып, көзін жеткізіп айтсаңыз ғана мән береді. Әрі қымбат тонға деген қызығушылығыңызды «көрдің бе, пәленше әйеліне пәлен мыңның тонын әперіпті деп ел ертең шулайды» десеңіз жайылып түседі.Ол бар жерде керегенің кең сияқты екенін сезіну үшін оған үнемі дем беріп отырған жөн.

Тағы да оқыңыздар:

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Қытайлық спортшы Сапарбаевқа қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді (фото)

Күйеуі соққыға жыққан Баян Есентаева бірден Францияға кетіп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1229173-erkekti-baghyndyrudynh-amaldary-qanda.html