Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдағы ерекше беташар жұрттың таңданысын тудырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде кезекті тойдың видеосы қызу пікірталас тудырды. Көпшілік беташар кезінде асабаның оқтауды ер азаматқа ұстатқанын түсіне алмауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желіге жүктелген видеода асаба келіннің бетін ашу кезінде оқтауды ер адамға ұстатады. Асабаның бұл әрекеті желі қолданушыларына оғаш көрінген.

"Оқтауды кішкентай бала ұстаушы еді ғой", - деп сұрақ тастады пікір қалдырушылардың бірі.

"Кішкентай бала ұстайды оқтауды. Бірақ мына жігіт үйленбей әке-шешесін күйдірген-ау шамасы. Сосын ұстатып қойған, үйленсін деген ырыммен", - деп пайымдады өзге қолданушы.

Бірқатар пікір қалдырушыларға келіннің бетін оқтаумен ашудың өз біртүрлі көрінетін болып шықты.

"Осы беташарда оқтаумен ашу қайдан шықты? Қазақтың нағыз аспабы домбырамен ашпаушы ма еді?!", "Таяқпен, оқтаумен ашуды қайдан шығарды екен?", - деп түсінбестік білдірді желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1229310-toydaghy-erekshe-betashar-zhurttynh-tanhda/

pixel