RU

Фарида Жолдасова мен Тан Жиң Жын: Кім кімнен ән "ұрлады"? (видео)

Жақында ғана ерекше дауысымен, әсем әнімен әлемді тамсандырған қытай қызы интернет жұлдызыға айналған еді. Көптеген интернет басылымдар орындаушы мен әннің тарихына тоқталып, жарыса жазды. Алайда, аталмыш әннің қазақ эстрадасында да шырқалып жүргенін байқадық деп жазады qamshy.kz.

Сонымен ол қай ән? Алдымен қытайлық Тан Жиң Жын есімді кішкентай қыздың орындауындағы "Таң атты..." әнін ұсынамыз. Енді қазақстандық әнші Фарида Жолдасованың орындауындағы "Жаралы аққу" әнін тыңдап көріңіз. Ұқсастық бар ма?

Видео: Ақбота Мұсабекқызы

Видео: jasqazaq01 dostaev19743

Енді осы кезде кім кімнен ұрлады деген сұрақтың туындауы заңдылық.

Қытайлық әннің тарихына үңілсек, жоғарыдағы "Таң атты..." әні 1999 жылы қайғылы оқиғаға байланысты Хан Хоң есімді композитордың жүрегінен шыққан екен.

Сол себепті тілшілер қазақстандық орындаушы Фарида Жолдасованың әкесі Ұлықпан Жолдасовқа хабарласып, "Жаралы аққу" әнінің авторларын сұрады.

"Жаралы аққу" әнінің сөзін жазған автор есіме түспей тұр. Бірақ әні біздікі емес. Қытай әні. Бертінде ол әннің аранжировкасын қайта жасап, жазып шыққанбыз. Кейін бұл әнді Фариданың өзі жеке де, "Дауыс KZ" тобымен бірге де орындады", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244457-farida-zholdasova-men-tan-zhinh-zhyn-kim-ki.html