RU

ОҚО-да 3 рет егізді болған жас отбасы елдің сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

 ОҚО-да үш рет егізді болған жас отбасы бүгінде Түлкібас ауданындағы үлгілі отбасылардың біріне айналған. Бұл туралы Шамшырақ басылымы Facebook парақшасында жазды.

"Жедел жәрдемнің" дәрігері Ғалбият Ғалымның отбасында былтыр қасиетті Ораза айында,  егіз ұл бала дүниеге келіп, шаңырақтың шаттығына шаттық қосты. Бұл жақсы жаңалыққа туған-туыс, көрші-қолаңдары да, әріптестері де ортақтасып, сәбилердің «бауы берік болсын!» десті. Биыл сәбилер 1-жастан асып, тәй-тәй басып жүр. Жас жұбайлардың екеуі де дәрігер болып қызмет етеді. Ғалбияттың жары Ұлбосын Жасимбекова 30 жаста болса, өзі 34-ке толды.

Бұл жас отбасында бүгінде 8 қара домалақ өсіп келеді. Жас та болса, батыр ана атанған Ұлбосын осымен үшінші рет егіз перзенттерді өмірге әкеліп отыр.

Тұңғыш қыздары Аружан 4-сыныпта оқиды. Егіз қыздары Қымбат пен Сымбат 6 жаста. Одан кейінгі егіздері - Ұлжан мен Ұлпан 5 жасқа аяқ басты. Ақарыс атты ұлдары 3 жаста. Ал, 2015 жылы бұл батырдың ізінен егіз інілері Бекарыс пен Жанарыс есімді балақайлар дүниеге келіп, отбасына «ақ түйенің қарны жарылды» дейтіндей қуаныш сыйлады.

Айта кетерлік қызық жайт жас отбасының екеуінің де бауырларының ішінде егіздер жоқ екен.

Тағы оқыңыздар: 

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алаш арыстары қазақ шекарасын қалай бекітті?

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да 3 рет егізді болған жас отбасы елдің сүйіспеншілігіне бөленді (фото)
Mailfire view pixel