RU

ОҚО-да балабақша қызметкері 6 жасар мүгедек қызды аяусыз зорлаған (фото)

ОҚО-да зорланған алты жасар мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп, шарқ ұруда. Айтуынша, қыз баланы зорлаған балабақша қызметкері әлі күнге дейін жазасыз жүр. Бұл туралы "Қазақстан" арнасындағы "Әйел бақыты" бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Кішкентай Айнагүлге туа сала ДЦП деген диагноз қойылған. Бала сөйлей алмайды. Өздігінен жүріп-тұруы да қиындау. Дәрігерлердің ұсынысымен арнайы балабақшаға барып ем қабылдап, жағдайы жақсара бастайды. Алайда көп ұзамай адамшошырлық жағдай орын алған.

"Қызым мүгдекетердің балабақшасына барады. Қызды емханаға алып барғанымда, массаж жасаса сөйлеуі мүмкін деді. Сол үшін балабақшаға берген едім. Өздері қызыңыз ауырып жатыр деп шақырды. Барсам, қызыңызда етеккір келіп жатыр деді. Алты жасар қызда қайдағы етеккір? "Не жағдай болды, құлады ма?" десем, "жоқ" дейді. Содан емханаға алып бардым. Сол жерден қызымның зорланғанын білдім", - дейді ОҚО тұрғыны Гауһар Өскенбаева.

Ашынған ана қылмыскердің жазасыз жүргеніне бір жарым жыл болғанын айтуда.

"Бір жарым жыл болды. Нәтиже шықпай жатыр. Балабақшадағы киімдері бар болатын. Түгел қан еді. Бәрін екінші сараптама Астанаға келгенде әкелдік деді. Бірақ кейін құжат ішінде қарасам, оған келмеген. Жоқ, киім еш жерде жоқ. Мен неше бардым АІІБ мен прокуратураға. АІІБ біз білмейміз деп отыр. Ал прокуратура "қай жаққа барсаң ол жаққа бар, қолыңнан келгенін қыл" деп отыр" - дейді Гауһар Өскенбаева.

Әйел бағдарламада қызының зорланғаннан кейін өзі түсіріп үлгерген дәлелді фотоларын да ұсынды.

Осы орайда Facebook желісінде бұл жайттан хабардар адвокат Дәурен Момбаев та құқық қорғаушылардың әрекетінен күйініп отырғанын жазған.

"Бұл мүгедек қыздың басынан өткергендерін есіме түсірсем, жүрегім қан жылайды. Тергеу органдарына өкпем қара қазандай. Қылмысты дәлелдей алмай отырғандары үшін. Осы уақытқа дейін ата-анасы қарсы болғасын үндемей келдім. Алайда желі арқылы бұл мәселені ел назарына салу маған қиын емес еді. Ал енді мен бұл жайтты мәлімдеуді жөн санадым. Біздің құқыққорғау органдары педофилді анықтау үшін саусақтарын қозғалтқан жоқ. Педофил әлі күнге дейін еркіндікте жүр және бәлкім әлі де өз қылмысын тоқтатпаған", - деп күйінді адвокат Дәурен Момбаев.

Дәуреннің айтуынша, қылмыскер қыз баланың сөйлей алмайтындығын пайдаланған.

"Ең сорақысы, қылмыскер баланың сөйлей алмайтындығын пайдаланған. Алайда педофилді көре сала қыз бала жанұшырып, айқайлай бастайды. Тағы бір сорақылық - педофил массаж жасаушы ретінде жұмыс істеп келген балалар бақшасының басшылығы жасап отырған әрекет. Олар қыз баланың зорланғанын екі күн бойы жасырып келген. Салдарынан қыз бала жыныс мүшесінен тоқтаусыз кетіп жатқан қаннан есінен танып қалатын болған. Ал қыз баланың анасына алты жасар қызда етеккір келіп жүр деп мәлімдеген. Бәлкім солардың қатысуымен бұл факт полиция мұрағатында жоқ болды", - дейді ол.

Адвокат тергеушінің де қажетті сараптамалар тағайындамағанына ашулы.

"Келесі сорақылық - тергеушіден шығып отыр. Ол қажетті сараптамалар тағайындамай, тіпті баланы гинекологқа қаратпаған.  Қыз баланың қан-жоса киімі қайда екенін білмейді (немесе жоғалтқан). Бұл киімнен қылмыскердің іздерін табуға болатын еді. Сарапшылардың да шығарған тұжырымы маған жақпады. Олар қыз бала жиһазға ұрып алғаннан да жыныс мүшесін жарақаттауы мүмкін деген нәтиже шығарған. Республиканың Бас прокуратурасына жаздық. Олар болса, облыстық прокуратураға сілтеді. Оған да жаздық. Әлі күнге дейін жауап жоқ", - дейді Дәурен.

Момбаев шындыққа қол жеткізу үшін қоғамнан көмек сұрады.

"Балалардың омбудсмендері қайда? Бала құқын қорғау бойынша парламенттік комиссиялардың бәрі қайда қарап отыр? Шындық қайда? Қоғамдық ұйымдардан, адамдардан бұл мәселеге бей-жай қарамауды сұраймын", - деп түйді Дәурен.

Тағы оқыңыздар:

Депутаттар елімізде 24 мың теңгеге өмір сүріп жатқандардың барын естіп, жаға ұстады

Атырауда хиджаб киген оқушыны мұғалімдер мектепке кіргізбей қойды

Мұрат Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкентте зообақ директоры арыстанның балаларына ат қою үшін желі қолданушыларынан ақыл сұрады

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252695-oqo-da-zorlanghan-alty-zhasar-mugedek-qy.html