RU

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

"Махаббат жасқа қарамайды". Махаббат ұлтқа да қарамайды. Мұны біз отандық "жұлдыздар" мысалынан көріп жүрміз. Сонымен, NUR.KZ порталы өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Бүркіт пен Аиша

Бүркіттің келіншегі Аиша - өзбек ұлтының қызы. Бүркіттің өзі бұл туралы бір сұхбатында жасырмай айтқан болатын. Бауырлас халықтардың перзенттері бас қосып, бүгінде шекесі торсықтай екі ұл тәрбиелеп отыр. Отандық шоу-бизнестегі әдемі жұптар қатарында Бүркіт пен Аишаның есімі бірінші болып аталатыны да олардың берік махаббаттарының арқасында.

Геннадий Головкин

Қазақстан спортының "жұлдызына"айналған Головкиннің жұбайы - қазақ қызы. Геннадий өзінің жары туралы көп айта бергенді ұнатпағанымен, жұрт оның әйелі қазақ қызы Алина екенін жақсы біледі. Олар 2007 жылғы 7 шілдеде отбасын құрған. Қазір олардың Вадим есімді ұлдары бар.

Лана

Өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан жұлдыздар туралы еске алғанда, әлбетте, бірінші кезекте Лана көз алдыға келеді. Скрипкашы қыз армян жігіті Константин Саркисянға тұрмысқа шыққан. Олардың ұлы Георгия төрт жаста. Үнемі отбасын бірінші кезекке қоятын скрипкашы қыз бүгінде отбасымен бірге  Мәскеуде тұрып жатыр.

Сейфуллин Жолбарыс

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс жуырда желідегі парақшасына әйелінің суретін салып, оны көрген жұрт оның сұлулығына тамсанған еді. Жұрт оның бірінші әйелімен ажырасып кеткенін айтып, шулаған болатын. Сейфуллиннің екінші жұбайы орыс ұлтының өкілі - Екатерина Лилуя.

Батырхан Шүкенов

Батырхан Шүкеновтің жеке өмірі көп айтыла бермейтін тақырыптардан болатын. Бірақ әнші дүниеден өткеннен соң, оның әйелі Екатерина Шелякова мен ұлы Мақсұтқа қатысты ақпараттардың барлығы елге жария болды.

Парвиз Назаров пен Әлия Есенова

Тәжік ұлтының өкілі Парвиздың жары - қазақ. Парвиздің жұбайы Әлия Есенова да өнерден құралақан емес. Ол талантты продюсер ретінде танымал. Олардың отбасы отандық шоу-бизнестегі берік әрі берекелі отбасылардың қатарында айтылады.

Сүндет Байғожин

Танымал опера әншісі Сүндет Байғожин қыз қызығатындай болмысымен, дарынымен ерекшеленеді. Көп қыздардың ішінен ол қазақ емес, орыс немесе басқа емес жапон қызын таңдаған. Ол бір сұхбатында жапон қызына үйлену үшін тіпті жапон тілін де үйренуге мәжбүр болғанын айтқан. Тіл үйренбесе қызымды бермеймін деген жапон әкесінің талабын қазақ жігіті жерге тастамастан орындаған. Балет бишісі Серина Сунагава есімді жапон қызы мен Сүндеттің Сәния есімді қыздары бар.

Ситора Назарова

Назаровтар отбасы қазақпен қарама-қарсы құдалар. Парвиз қазақтан қыз алып, қазаққа қарындасын берді. Оның қарындасы, әнші Ситора "Рыжый Алмаз" деген лақап атпен танымал болған қылмыс әлемінің өкіліне тұрмысқа шыққан. Шын есімі Несіпбай Насенов. Олар аз уақыт бірге тұрған соң, оның күйеуін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Ситора қорқып, бұл деректі көп уақыт бойы жасырып жүрген. Кейіннен өзі бұл туралы бір сұхбатында айтып берді.

Иван Бреусов

"101" тобының әншісі Иван Бреусов мен Ділназдың арасындағы махаббат хикаясы туралы жұрттың бәрі біледі. Бірақ кейіннен олардың жұбы жараспай, айырылып кеткен болатын. Бүгінде Иван қазақтан қыз алып, күйеу бала атанған. Иван Бреусовтың таңдауындағы қыздың есімі- Меруерт Асанова.

Айгүл Бабаева

Аға буын әншілер өкілдерінің бірі Айгүл Бабаеваның да таңдауы орыс жігіті Михаил Романюкке түскен. Бизнесмен, музыкант және продюсер Михаил Романюк пен Айгүлдің бір қызы бар. Айта кету керек, қыздары Алиса Бржставцикая қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан.

Лариса Иванова 

"L Дуэтінің" солисті Лариса Иванова кезінде мәдениет басқармасының басшысы болған Қайрат Құлбаевтың жары. Жұп мектеп кезінен бастап бірге болған. Лариса келін болып түскен кезде қазақтың барлық дәстүрлерді сақтағанын айтады.

Мұрат Мұтырғанов

Мұрат Мұтырғановатың үйлену тойы көпшіліктің жадында көпке дейін қалды. Оның жұбайы Алиса өз тойына спорттық аяқ-киім киіп келіп таң қалдырған болатын. Бір сұхбатында Мұрат жұбайы туралы айтып, "ол менен гөрі қазақ" деген болатын.

Тағы оқыңыздар:

27 жасында Батыр ана атанған келіншек бақытты болудың құпиясымен бөлісті

Астанада сүйіктісін адалдыққа тексеретін жаңа қызмет түрі сәнге айналуда

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызының оқуын Skype арқылы қадағалайтын гастарбайтер көпшілікті елжіретті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1252754-basqa-ult-okilderimen-shanhyraq-koterg.html