RU

Бір мезетте 100 тілім нан жейтін ашқарақ қыз жұртшылықты таң қалдырды (видео)

Жапониялық бойжеткеннің тым үлкен тәбеті көпшілікті таң қалдыруда. Талдырмаш келген видеоблогер бір мезетте 10 келі қарбыз, 6 келі бананды жеп тастайды.

Киношита Юка есімді бойжеткен өзіне шын мәнінде тамақ жегенді қатты ұнататынын айтқан. Мәселен, ол джем жағылған 100 тілім нанды, 60 бургер, 50 пончик, 6 келі банан мен 10 келі қарбызды бір мезетте жеп қояды.

Бір күнді ол 11 мың калорияға дейін көтерілетін тағамдарды бұйым көрмейді екен.

Көпшілік оқырман тәбеті тым үлкен қыздың қанша тамақ жесе де семірмейтініне таң қалған. Мұны бойжеткен өз асқазанының бірнеше есе үлкендігімен және өзіндегі метаболизмнің тез өтетінімен түсіндіріпті.

"Мені тексерген дәрігер асқазанымның кереметтігіне таң қалды. Тамақ жеген кезде асқазаным өз мөлшерінен әлденеше есеге үлкейеді. Бұл менің толықтап кетпеуіме көмектеседі", - дейді Киношита.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда сүндетке отырғызылған 8 жасар баланың ой-өрісі нашарлап кетті

Танымал қазақ әншісі тұрмысқа тоқал болып шыққанын мойындады

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Америкалық әйел сегіз жыл бойы ұлының мәйітін үйінде сақтап келген

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1254867-bir-mezette-100-tilim-nan-zheytin-ashqaraq.html