RU
Алматы облысында мал сатуға келген үш ағайынды өлі күйінде табылды (видео)

Алматы облысында мал сатуға келген үш ағайынды өлі күйінде табылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Мал сату үшін Алматыға келген үш ағайынды азаматтар өлі күйінде табылды.

Бұл туралы сенімді дереккөзге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ұзынағаштағы мал базарына 40 ірі қараны сатамыз деп шыққан Жарқынбек Долданов, Қаділбек Әлемхан мен Мұқият Зарылқан үш күннен бері із-түссіз жоғалып кетті. Бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысында тұрған олар атажұртқа Қытайдан келген қандастар екен.

Куәгерлердің айтуынша, жалпы есебі 6 млн теңгеге мал сатқан олар ірі қараны сатып алушының үйіне апарып беру үшін кеткен. Содан бері отбасыларына қайта оралмаған ағайындыларды туыстары іздей бастаған болатын.

Кеше бес жылдан бері балаларының мал саудасымен айналысатынын айтқан әкесі Алматы облысынан табылған өртенген көліктерді көріп, жылап жіберген болатын. 40 бас ірі қараны сатып алып, ақшасын үйден беремін деп сылтауратқан күдікті марқұмдардың бірінің көлігін өртеп жіберген.

Бүгін мал саудасымен айналысатын азаматтардың үшеуі де өлі күйінде табылды.

Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімханның мәйітін қылмыскерлер Ұзынағаш ауылынан 200 шақырым жерге апарып, құмға көміп кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Жамбыл аудандық ІІБ алдында жиналған жұртқа марқұмдардың туыстары хабарлаған. «Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті», - дейді жоғалған кісілердің туысы Тұрсын Әмірбайұлы.

Марқұмдардың әрқайсысының артында екіден, үштен жас балалары, қарт ата-аналары қалған. Аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы прокурорының орынбасары Саят Бакиров Жамбыл ауданына арнайы келіп, тергеу шараларын бақылауға алған.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мені асыра мақтаудың қажеті жоқ

Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолокация арқылы тапқан (фото)

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Қазақстанда айыппұл төлемесең айлығыңды ала алмайсың

Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып, үйіне оралмаған үш ағайынды табылмай жатыр

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді

Сіздің реакцияңыз
305
105
47
461
0
20
49
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel