RU

Ғаламтор арқылы жігітті өзіне қалай қаратуға болады?

Дамыған заманда заманауи технологиялардың мысы басып тұр. Бүгінгі күні еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ғаламтор жайында жақсы біледі. Тіпті, турасына келсек, талайлар танысып, арақатынас құрып жататыны да бар.

Расында да, ғаламторда махаббат құруға бола ма деген сұрақ туындайды. Бұл жөнінде жастардың көбісі құруға болатындығын алға тартады. Ендеше, anabol.kz ғаламтор арқылы жігітті өзіне қызықтырудың тәсілдерін көрсетеді.

Сурет

Суретіңіздің саны ғана емес сапасы да маңызды. Келбетіңіз кескінді, бет-әлпетіңіз жарқын болсын! Демалыстағы, театрдағы, кино, кафедегі ең жақсы деген суреттеріңізді салыңыз. Және профиліңіз де күліп түскен суреттеріңіз көп болсын.

Өзіңіз жайлы ақпарат

Өзіңіз жайлы нақты ақпарат беріңіз. Және ол кез-келген жігітті қызықтыратындай етіп жазылғаны дұрыс. Есіңізде болсын, тым ерсі ақпарат беруден аулақ болыңыз. Жұмбақтығыңызды сақтаңыз.

Тілдесу

Ғаламтор арқылы тілдескенде салқынқандылық көрсетпеңіз. Әрине, қыздар бірден қызығушылық таныта қоймай, өздігінше «өзінше» кейіп танытатыны рас. Дегенмен де, егер сіз жігітпен суық сөйлесетін болсаңыз, оның қызығушылығы кетіп қалуы мүмкін. Сонымен қатар, өтіріктен бойыңызды алыс ұстағаныңыз дұрыс. Өтірік, алдау деген дүниелер арадағы сенімді құртса керек.

Ашық болыңыз!

Әрбір рет хат жазғанда байқатпай, қызығушылық білдіргеніңіз дұрыс.

Оны мақтап, қолдап, қолпаштаңыз

Еркектер қауымына бұл ұнайды. Егер де сізге бар әңгімесін айтып, мұңын шағып жатса, рухани көмек беріңіз!

Бастысы, шынайы болыңыз!

Әркімінің талғамы басқа, таңдауы бөлек. Сондықтан, өз қалыңызды сақтап, болмысыңыз боямасыз болғаны дұрыс.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265610-ghalamtor-arqyly-zhigitti-ozine-qalay-q.html