RU

Отандық режиссер Қазақфильмнің вице-президентін жемқорлыққа қатысты айыптады (видео)

Желі қолданушысы, тәуелсіз журналист Жанар Ахмет өзінің Ғacebook парақшасында режиссерлердің жемқорлыққа қарсы екенін айтып, жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бүгін "Еуразия" кинофестивалінде "Партизандық Кино" қозғалысының көшбасшысы Әділхан Ержанов күтпеген жерден шулы мәлімдеме жасады! Оның айтуынша, Қазақфильмнің вице-президенті Серік Жұбандықов фильмнің түсіру жұмыстарына бөлінген 100 миллион теңгенің 80 миллионын өзіне қалдырғысы келеді екен! Бұл параны кіммен бөлісетінің барлықтарыңыз түсініп қойған шығарсыздар? Маған өте қызықты Мәдениет министрлігі бұл жемқорлық дауын қалай шешетіні? Бірден екі режиссер Ержанов пен Жәнібековті қамайды ма, ол жақта әлі Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев бар. Бұл режиссерлердің барлығы министрлікті жемқорлыққа қатысты айыптап отыр. Әділхан Ержанов бұл айтқан мәлімдемесінің арты жақсылық әкелмейтінін біліп, алдын-ала "Еуразия" кинофестиваліне соңғы рет қатысып жатқанын атап өтті", - деп жазады желі қолданушысы Жанар Ахмет.

Тағы оқыңыздар:

Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқыны Семейдегі өміріне шағымданды

"Қазақстан" ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды

Қытайлық жігіт әке-шешесі мен 17 көршісін өлтіріп тастады

Моншада жүрген келіншек үйіне түскен ұрыны жалаңаш қуа жөнелді

Лукашенко КСРО-ның ыдырауын бүкіл әлем үшін апатты жағдай деп айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1269240-otandyk-rezhisser-qazaqfilmninh-vice.html