RU

Әйел қай жаста төсек қатынасынан көбірек ләззат алады?

Америка ғалымдары әйелдердің қай жаста төсек қатынасынан көбірек ләззат алатындарын анықтап шықты. Бұл туралы The Independent ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Оқымыстылардың пайымынша, жастарға қарағанда, кемел жасқа жеткендердің жыныстық өмірлері барынша байырақ әрі тәттірек болатын көрінеді.

АҚШ-тың Кливленд университетінің ғалымдары мұны жастары 40-тан 75-ке дейінгі 500 америкалық әйелдің қатысуымен жасалған жаңа зерттеудің нәтижесінде анықтай алған. Бұл жастағы әйелдер жыныстық қатынастарға аз түскендерімен, одан алатын рахаттары әлдеқайда көп болып шыққан.

Ғалымдар мұны әйелдердің жасы ұлғайған сайын төсек қатынасында өзінің жұбымен ашық пікірлесіп, өзіне ұнамды болатын жақтарын ұялмай айта алатындарымен, оны түрлендіруді қалайтындарымен түсіндіреді. Кемел жасқа келген әйелдер сондай-ақ өздеріне сенімді келеді, сондықтан төсекте те батылдық көрсетеді.

Зерттеушілердің айтуларына қарағанда, 500 пациенттің арасында 40-тан 50 жасқа дейінгілері өздерінің жиі орын алатын жыныстық өмірлеріне көбірек алаңдаса, 50-ден асып кеткендері жыныстық жағынан жақындасудың азайып кеткенінен зардап шегеді.

Бұдан бұрын Ruposters Life басылымы жыныстық қатынас кезіндегі шектен тыс белсенділіктің ер кісілер үшін жүрек талмасының көбірек орын алуына апарып соқтыратынын жазған еді. Ал әйелдерге бұл керісінше жағатын көрінеді, секс оларда гипертензияның даму тәуекелін төмендетеді екен.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында тағы бір сарбаз үйіне табытпен оралды

Төреғали Төреәлі "Алло" әнінің авторына "Гелендваген" сыйға тартты

Лаңкестер қатарына қосылып кеткен ағайындылар 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда жүк машинасымен соқтығысқан көлік құдыққа құлап кетті (фото)

Болгарияда қыз-келіншектердің паранжа киюіне қатаң тыйым салынды

Қазан айының басында жауған қар алматылықтарды таңырқатты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270542-ayel-qay-zhasta-tosek-qatynasynan-kobi.html