RU

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Танымал әнші Серік Ибрагимов отбасын құрды. Ол бірнеше күн бұрын ата-анасының қара шаңырағына келін түсіріп, ақ құсын қолына қондырды.  NUR.KZ порталы өткен кеше, 6-қазан күні өткен "Қыз ұзату" тойынан қызықты суреттер мен видеолар ұсынады.

Серіктің таңдауы Айнамкөз есімді қызға түсті.

Қызды алып кетуге Серіктің продюсері, өнердегі әріптестері, достары барды.

Қалыңдықтың сұлулығын желі қолданушылары ерекше атап өтті. Олар Айнамкөздің ұзын шашына ерекше назар аударды.

Тойдың тәтті тұсы - бірнеше "қабатты" торт та жұрт назарынан тыс қалмады. Айнамкөз бен Серік дәстүр бойынша ата-аналарына өз қолдарынан дәм ұсынды.

Тойдан тікелей репортаж жасап "КешYou" тобының әншісі Балжан Серіктің бұдан 5 жыл бұрын Айнамкөзге арнап шығарған әнін оқырмандар назарына ұсынды. Тойда қалыңдығына ән арнаған Серіктің махаббаты ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Тойдағылар көз жасын жасыра алмады.

Серіктің өнердегі досы Ардақ Әлекешов оқырманға қызды әкетіп бара жатқан Серіктің видеосын көрсетті.

Келін оң аяғымен Серіктің шаңырағының босағасынан аттап, жаңа өмірге қадам басты.

Қызды үйге ұзатып алып келген "Серіктің делегациясы" бұл қуаныштың жалғасын үйге келіп тойлады.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, өмірлері баянды болуына тілектестік білдірді.

"Қыз ұзату" тойының жалғасы - үлкен той жақын арада болады деп күтіліп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Малайзияда бәтеңкесіне сыра құйып ішкен дипломаттың басы дауға қалды

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге бюджеттен 407 млн теңге жұмсалмақ

АҚШ-тағы Головкиннің жанкүйері: «Борат» GGG-дің көлеңкесінде қалды

Бангладеште теңдессіз ерекше мешіт салынды (фото)

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне 2 млн доллар бөлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275574-tanymal-anshi-serik-ibragimov-shanhyraq.html