RU

Алматыдағы жекпе-жекте Қанат Исламның қандай шапан киетіні белгілі болды (фото)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллоетеймен жекпе-жек өткізеді. Отандасымыздың кездесу алдында шаршы алаңға киіп шығатын шапанының үлгісі белгілі болды.

Бұл туралы боксшының Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды деп жазады Массагет.кз.

"Қанат Исламның жекпе-жекке киіп шығатын киімінің дизайны белгілі болды. 29 қазанда Алматыда өтетін жекпе-жекте Қанат Ислам және оның командасы дәл осы үлгідегі киімді киіп шығатын болады", - делінген.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы ганалыққа қарсы орта салмақта WBA Fedelatin чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Сондай-ақ, WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағына таласады.

Бірінші орта салмақта WBA Fedelatin атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1276291-qanat-islamnynh-29-qazan-kuni-kiip-shyghaty.html