RU

Кореялық жігітпен тұрмыс құрған қазақ қызы тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Корея телеарналарының бірі кәріс жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойынан қуанышты сәттерді көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тойда лимузинмен жүрген жас жұбайлар қазақ ұлттық киімін киген.

Қазақтан қыз алған кәріс азаматы үстіне бөрік пен шапан ілді.

Қызын ұзатып жатқан отбасы жас жұбайларға шашу шашып, шығарып салды.

Жас жұбайлар мешітте некелерін қидырып, кәріс азаматы дұғаларға қолын жайды.

Мешітте жігіт есімі Ку Ен Чу екенін айтса, бойжеткен өзінің есімі Дина екенін мәлімдейді.

Бойжеткен имамның алдында кәріс азаматына тұрмысқа шыққанына разы екенін айтып, жігіт болса, сүйіктісімен бірге имам ұсынған неке суынан ауыз тиеді.

Ата-анасы жат елге аттанып бара жатқан қызымен қимай қоштасты.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ миллионері табысты әрі қайырымды болудың құпиясымен бөлісті

Ақтөбелік уахабшылар балағын ұзартып, сақалын қыра бастады

Шымкент әкімі "көке-жәке" деп таныс іздейтіндерден шаршағанын айтты

Пәкістанда қыз зорлағандар енді өлім жазасына кесілетін болды

Тыңдармандар Мейрамбек Беспаевтың қаталдығына қайран қалды

Хоккей алаңында бір бірінің алқымынан алған қыздар жұртты шошытты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1278290-karis-azamatyna-turmysqa-shyqqan-qaza.html