RU

Арал қаласы әлемдегі ең қорқынышты мекендердің қатарына кірді (фото)

Танымал ресейлік кәсіпкер әрі блогер Илья Варламов өзі болған әлемдегі ең қорқынышты 10 жерді атады. Олардың қатарына Арал қаласы да енген деп хабарлайды Варламовтың блогына сілтеме жасап NUR.KZ.

Блогердің айтуынша, ол бүкіл әлемді шарлап шыққан. Панасыздар мекендейтін ең лас жерлер мен нашақорлардың үңгірінде болған. Оның айтуынша, әлемде елестетуге болмайтын қорқынышты жерлер бар. Мәселен жауынгерлік іс-қимылдар аймағы және Латын Америкасындағы жекеленген аймақтар. Ол жерге барған кез келген турист өзіне қызықты жайттар таба алады.

Сонымен бірге әлемде адамның жанын түршіктірер жерлер де өте көп. "Ол жерлерді көргенде денең түршігіп, төбе шашың тік тұрады", - дейді Варламов.

Оның айтуынша, сондай жерлердің бірі Арал қаласы. Блогерді қаңырап қалған елді мекен мен құмның үстіндегі кемелер қатты шошытқан.

"Арал теңізі... Өзбек қаласы Мойнақ пен қазақстандық Арал. Куәгерлердің айтуынша, алғаш рет 1962 жылы теңіз бір түн ішінде 30 метрге тартылып кеткен. Адамдардың таңғалғаны соншалықты олар тіпті, теңіздің 180 шақырым жерге дейін тартылып кететініне сене алмаған. Алғашында адамдар Мойнақ портын теңізбен біріктіру үшін канал қазбақ болған. Каналдың ұзындығы 22 шақырымды құраған. Алайда табиғатпен күресу бәрібір ешқандай нәтиже бермеген. Су тіптен тез тартылып, көптеген кемелер каналдың жағалауында қалып қойған", - деген болгер өзі санайтын әлемдегі ең қорқынышты жерлерді тізіп шығады.

1. Арал, Қазақстан, Шөлдегі кемелердің "моласы"

2. Ауғанстан Кабул, "көпір астында"

3. Пәкістан, Лахор

с

4. Ресей, Архангельск, "Сульфат"

5. Аргентина, Буэнос-Айрес, Виша 31

6. Украина, Киев, Майдан 20 ақпан 2014 жыл

7. Ресей, Омск – кез келген уақытта осылай

8. Сомали, Могадишо

9. Гаити

10. Бангладеш, Дакка, теміржолдағы өмір

11. Қырым

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы жайлы айтып берді

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

БҚО-да мұғалім 10-сынып оқушысының жыныс мүшесінен езіп жіберді

Сапарбаевтың жақын досы оның өткен өмірінен сыр шертті (фото)

Қостанай перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1282747-aral-qalasy-alemdegi-enh-qorqynyshty.html