RU

Қарақат Әбілдина әйгілі банк басшысымен құдаласты (фото)

Танымал жұлдызды жұп Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов "Жилстройсбербанк" басқарма төрағасының отбасымен құдаласты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Қарақат желідегі парақшасына жазды.

"Біз қазақ xалқы ырымшыл xалықпыз ғой. Ұлтымызға ғана тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрге баймыз. Соның бірі құда тусу салты. Қазақ xалқының тікелей ата дәстүрінің негізін қалыптастыратын "Жеті атаға дейін қыз алыспау" тәртібін сақтайтын салтты Гүлекең екеуміз бастап, жігіттеріміз қоштағалы қашан. Оны қазақта "бесік құда" деп атайды, яғни достық қарым-қатынасымыздың туыстыққа айналғанын қалайтын жандардың ниетінен туатын дәстүр. Енді осы тілегімізді балаларымыз қолдап жіберсе нұр үстіне нұр болар еді... Қыздай болған құдағиым менің!", - деп жазған әнші болашақ "құдағиын" туған күнімен құттықтады.

Өз кезегінде туған күн иесі Гүлбаршын Зайырова да: "Рахмет алтын құдағиым менің! Алтын құдам Қыдекем екеуің аман болыңдар", - деп жазды.

Естеріңізге салсақ, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова "Жилстройсбербанк" банкінің басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы. Олар бірге 4 баланы тәрбиелеп отыр. Айбатыр Жұмағұлов «ЦентрКредит» банкінің, «BCC-invest» компаниясының, 1999-2002 жылдары Ұлттық банкте экономикалық зерттеулер басқармасында сарапшы қызметін де атқарған.

Тағы оқыңыздар:

Сағыз шайнату, құдаларға ұн жағу: Қазақтың ең қызық дәстүрлері қандай?

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286607-qaraqat-abildina-aygili-bank-basshysy.html