RU

«Қызбен жүру» күнә ма?

«Қызбен жүру» күнә ма? Muslim.kz порталы көп адамның көкейінде жүрген осы сауалға жауап берді.

"Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Жігіт пен қыздың бұлай жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған", - деген басылым кейбір хадистерден мысал келтіреді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде: «Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады», – деген. Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ».

Тағы бір хадисте Алла елшісінің (с.ғ.с.) жұбайы Айша (р.а.) анамыз: «Аллаға серт пайғамбарымыз бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес» деген.

"Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін", - деп жаза басылым.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Танымал қазақ футболшысы төрешіні балағаттағаны үшін дауға қалды

Тәжікстанда 82 жастағы кейуана өзіне қарайласпаған ұлын сотқа берді

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырына Астанадан ескерткіш қойылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289003-qyzben-zhuru-kuna-ma.html