RU

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Көптеген қазақ қыздары жігіттердің бірінші кездесуде-ақ төсектес болуды қалайтынын айтады.

Бұл туралы ikerim.kz сайты хабарлайды.

 

Көптеген қыздар жігітімен жақын қатынаста болатынын жазады. Әрі одан сақтану мен қорғанудың тәсілдерін сұрайды. Тіпті, кей жігіттер алғашқы кездесуде-ақ бірге болуды ұсынатын көрінеді.

«Иә» немесе «жоқ»

Психологтар мен сексологтар бұл жағдайда қыздың дайын болуына назар аударады. «Кездесуден не күтемін?» деген сұрақты өзіңізге қойып, оған шынайы жауап беріп көріңіз. Мамандар бірінші кездесуде төсекке тартатын жігіттерге келіспеуге кеңес береді. Заманауи көзқарастағы кеңесшілер кемінде бірнеше рет кездесіп, қыз бен жігіт бір-бірінің не қалайтынын ұғынуы қажет дейді. Ал біздің салтымызда некеге дейін жақындасуға тыйым салынғанын да естеріңізге салып қояйық. Осы бір түндік қателіктен өміріңіздің басқа арнаға түсуі ғажап емес.  Негізінен, бұл мәселеге ат үсті қарай салуға болмайды.

«Егер келіспесем ол мені тастап кетеді»

Барлық қыздардың дерлік бірінші қорқынышы осы болса керек. Жігітіңізді біраз уақыттан бері танисыз, сөз байласып жүргендеріңізге де көп болды. Енді ол сізден төсекте де бірге болуды сұрайды. Сіз оны сүйесіз, айырылып қалудан қорқасыз, сондықтан келісуге мәжбүр боласыз. Егер қарсы болып жатсаңыз, арада түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бұл мәселе де қыздар өте «тапқыр» болуы міндетті. Еркек-жаулап алушы. Нәзік қыздар оның тек «жемтігі» ғана.

«Егер келіссем ол мені тастап кетеді»

Қыздардың тағы бір ойы жоғарыдағыдай. Олардың ойынша, бірге болуға келіссе жігіт теріс пікірде қалуы мүмкін. «Оның мойнына асыла кететін болсам, мені әйелдікке алмайды. Жеңілтек қыз көріп қалады» деген сықылды ой да жүретін қыздар бар. Олар мүлде өзіне ыңғай танытпайды, байқасаңыз олардың көп қатынастары сәтсіз болады екен.

Жалғыздық - қжалығу

Қыздар неліктен жігіттерге төсектес болуға келіседі деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Мұндай жағдайға көбінде жалғыздық себеп болады екен. Осы күні ханзадасын күткен басы бос қыздар көп. Олар жылулыққа зәру, қамқорлыққа мұқтаж. Сондықтан, кез-келген еркекпен байланыс түсуге дайын болуы мүмкін. Ал, осындай қыздар көбінде алданып қалатынға ұқсайды. Бұл жердегі схема біреу: Жігіт сіздің естігіңіз келген сөздерді айтты, ал сіз оның қалауын орындадыңыз. Ал, бұл схема әлі де жұмыс атқарып келеді. Осы себептен де жалғызбасты қыздардың көбі еркектерді «жауыз» санайды. Қыздар, жалғыздықтың үнемі себебі болуы мүмкін. Ол үшін біреуді айыптау дұрыс емес, өзіңізді тергеп көріңіз.

Дереккөз: ikerim.kz

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289581-qazaq-qyzdarynynh-basym-boligi-nekege.html