RU
Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте өзгенің өмірін құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы үйлі болды. Жаңа баспананың кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілші.

43 жастағы Жомарт Сәрсенбековтің төтенше жағдайлар саласында еңбек еткеніне он үш жыл толған. Былтыр бірінші сыныпты құтқарушы маман атанған. Жары Ұлжан Сабазова екеуінің шаңырақ көтергеніне биыл 13 жыл толыпты.

Екеуі үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Бесінші перзенті қазан айының ортасында дүниеге келген. Яғни, құтқарушы маман кенже сәбиін көрмей кетті.

Қызмет барысында өз өмірін қатерге тігіп, міндетін атқарудан басқа ешнәрсе ойланбаған азаматтың бұл ерлігін әріптестері мақтан тұтады.

«Құтқарушы мамандығы - қиын да жауапты, екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бауырымыздай болып кеткен Жомарт Орынбасарұлы құтқару барысында қайтыс болды. Өкініштісі, қазір ол арамызда жоқ. Жомарт – жылдың кез-келген уақытына қарамастан жұмысқа белсене кірісіп, міндетін тиянақты атқаруға дағдыланған қызметкеріміз еді. Сондай ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ата-анасына рахмет», - деді Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы, полковник Батырғали Сопбеков.

Ерлік жасаған қызметкер қазасынан кейін демеушілер оның артында шиеттей бала-шағамен қалған отбасына баспана салып беру туралы шешім қабылдайды.

152 шаршы метрді құрайтын жаңа баспана Сәрсенбековтің көзі тірісінде өзі тұрғызған үйдің ауласында салынған. Алты бөлмеден тұратын үйдің құрылысына 11 млн теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары 2,5 айда, яғни, қысқа мерзімде жүргізілді.

Баспананың кілтін Жомарт Сәрсенбековтің жарына табыстаған облыс әкімі Түймебаев қонысты болған отбасыға көрімдік ретінде заманауи теледидар мен тоңазытқыш сыйға тартты.

«Әрине, өте ауыр. Жап-жас жігіт құтқару жағдайында өмірден өтті. Жомарт бауырымыз нағыз азамат, елін сүйетін жігіт ретінде ерлік танытты. Болған іске болаттай боларсыздар. Енді артынан қалған балаларды өсіру керек. Осы үйде балалары өссін, өнсін»,-деген Жансейіт Түймебаев қаза болған қызметкердің жары Ұлжан Сабазоваға бекем болып, балаларға әкесінің орнын жоқтатпауға кеңес берді.

«Жолдасым өмірімнің соңына дейін сүйікті жарым болып қалады. Мені өмірінің соңына дейін сыйлап өтті. Алланың ісі, тағдыры шығар... Армандары асқақ еді. Биыл үш баламыздың мұсылман болғанына орай той жасап бермек болды. Әттең, ол арманы орындалмай өмірден кетті», - деп күрсінген Ұлжан Сабазованың көзіне еріксіз жас үйірілді.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Жомарт Сәрсенбеков қасындағы әріптестерімен бірге кезекшілік міндетін атқарып жүріп, Төлеби ауданындағы Ақмешіт тауына шыққан тұрғындарды құтқаруға шыққан.

Азамат Травкинді тапқаны туралы ақпаратты кезекші бөліміне хабарлаған соң құтқарушы Сәрсенбеков биіктігі 100 метр шамасындағы жартасты тік жардан құлап кеткен. Яғни, тауда адасып кеткен азаматтың өмірін сақтап қаламын деп өз өмірін қатерге тікті.

Ерлік жасаған азаматтың соңында бес ұл-қызы қалды. Жолдасы қаза болғанда жары Ұлжан Сабазова жүкті болған. Қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкердің кенже перзентінің жарық дүние есігін ашқанына небәрі он бес күн толыпты.

Бұл шаңырақтың үлкен перзенті сегіз жаста. Тағы атап өтерлігі, Жомарт Сәрсенбеков тура шаңырақ көтерген күні, яғни, 30 мамырда бақилық болды. Көзі тірі болғанда жары екеуі 13 жылдық отандасу қуанышын атап өтер еді.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды

Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды

Путин қол астындағыларға "ресейлік ұлт туралы заң" дайындауды бұйырды

Жылқының қабырғаларын пышақсыз сыпырып алған ер адам таң қалдырды

25 жыл бойы екі қолсыз өмір сүрген жігіттің қуанышы (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel