RU

Алматы облысында бес күн бұрын жоғалған екі азаматтың бірі өлі күйінде табылды

Алматы облысы Ақсу ауданында бес күн бұрын жоғалған азаматтың өлі денесі көлшіктен табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1961 жылы туған Аймұхамед Омарұлы 27 қазан күні кешкі сағат 18-00-дер шамасында Талдықорғанға бару мақсатымен жолшыбай автокөлікке отырамын деп жолға шыққан. Жанында оның бажасы Бақтыбай Ибрагимов болған. Екеуі де Ақсу ауданы Сағабүйен ауылына қарасты «Жанаш» қыстағында малшы болып істеген.

Екеуі Талдықорған-Матай тас жолына бір атқа мінгесіп келген. Бірақ сол сәттен ұшты-күйлі жоғалып, хабар үзілді дейді Бақтыбай Ибрагимовтың туған інісі Амангелді Ибрагимов. Ал бүгін бір сағат бұрын отбасының туыстарына қаралы хабар жетті. Аймұхамед Каметбаевтың өлі денесі Талдықорған-Матай тас жолы маңындағы көлшіктен табылған.

Амангелдінің айтуынша, өлі денесі табылған азамат сол күні қызының тойына бармақ болыпты. Қалтасында 70 мың теңге ақшасы болған. Бірақ марқұмның мүрдесін тапқан туыстары ақшаға ешкім тиіспепті деп таңырқап отыр. Ал 1976 жылғы Бақтыбай Ибрагимовтан әлі ешқандай ақпарат жоқ.

Оның жары және төрт баласы бар. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстарының мәлімдеуінше, жоғалғандарды іздеуге Ақсу аудандық ІІБ-нің қызметкерлері бір күн ғана арнаған. Тәртіп сақшылары жоғалғандардың ұялы телефон арқылы соңғы рет кіммен сөйлескенін анықтау үшін Астанаға сұраным жіберген.

"Бес күн бойы бір де бір мәлімет ала алмай отырған бұл қандай құзырлы орган", - деп күйінеді Амангелді Ибрагимов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақсу ауданында тамыздың 1 күні 19 жастағы Абай Асубайұлы да қыстақтағы малын іздеп кетіп, әлі хабар-ошарсыз.

Ал Бақтыбай Ибрагимовтың туыстары оның аман келетінінен үмітті. Егер кімде-кім осы азамат жайлы ақпарат білсе және осы оқиғаға куә болғандар болса, Ақсу ауданының ІІБ хабарласуларын сұрайды.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілдестің жан сыры: Тату-тәтті отбасыны бұзып, бақытымды тапқан жоқпын

Шымкентте өзгені құтқарамын деп ажал құшқан қызметкердің отбасы баспаналы болды (фото)

Қорада тұратын ақтөбелік келіншектің жантүршігерлік жағдайы (фото)

Құлақ тесу дәстүрін дүркіретіп өткізген қазақтар әлем назарына ілікті (фото)

Ұзынағаштың 30 жастағы тұрғыны 15 жасар қырғыз қызын күштеп ұстап отырған

Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азамат көмекке мұқтаж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1302607-almaty-oblysynda-bes-kun-buryn-zhoghalgh.html