RU

Бас прокурор қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы заң жобасын жасауды ұсынды

3 қараша күні Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалығымен жерді өз бетімен басып алуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, бас прокурор бірқатар ұсыныстар білдірді деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекет басшысының xалыққа жер беріңдер деген тапсырмасы бар. Бірақ жерді айдаладан бермейміз ғой. Оған инфрақұрылым жүргізу керек, балабақша мен мектеп керек, ауруxана қажет. Мұның бәрі ауқымды шаруа. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дегенмен тиісті ведомстволар – Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстық әкімдер, прокуратура – барлығымыз отырып ойласайық. Біз мына нәрсені ұғуымыз керек, ақшадан басқа бір үлкен мәселе бар. Әрбір қазақтың арманы – ұлтарақтай жер алып, мал асырап, бақша егу. Оның арманы сол. Кең үй салып, келін түсіріп, қолынан шәй ішіп, солай емес пе!? Біздің қанымызға сіңген қасиет, менталитетіміз. Адамға қанша пәтер берсек те, ол бәрібір жер үйге жетпейді», – дейді Жақып Асанов.

Бас прокурор бұл мәселені жақын арада шешу керек екенін айта келе, аймақтарды аралаған прокуратура өкілі Ержан Тұрмағамбетовке нақты тапсырма берді.

«Осы жағдайға қатысты елбасының тапсырмасы бар. Біз енді осыны тез арада қарастырып, қандай жолы бар екенін анықтап, ойласып, үкіметке нақты ұсыныс беруіміз керек. Таяудағы митингтен кейін әріптестеріміз өңірлерге барды. Ержан Тұрмағамбетов (Бас прокуратура басқармасының аға прокуроры) 8 аймақты аралады. Барлығымен сөйлесті. Өз көзімен көрді», – дейді ол.

Бас прокурор парламент депуттарымен, тиісті министрліктермен бірлесе отырып, қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы заң жобасын жасауды ұсынды.

Айта кетейік, жиында жер телімдерін заңсыз басып алуға тосқауыл қою жөнінде Бас прокуратура мен ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесе отырып жасаған жоба таныстырылды.

Жоба жұмысы негізгі үш бағыт бойынша құрылған: жерді басып алуға себеп болатын жағдайларды жою, осындай фактілердің алдын алу жүйесін жетілдіру және жерді басып алумен байланысты жағдайларды құқықтық тұрғыда шешу.

Тағы оқыңыздар:

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда

Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады

Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді

Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)

Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1305319-bas-prokuror-qazaqstandyqtargha-10-soty.html