RU

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы - «президент Назарбаев».

Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Бақыт гүлінің жаңа түрі "президент Назарбаев деп аталады. Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған. Елбасының есімі берілуінде айтарлықтай құпия жоқ. Жапондықтар Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітсүйгіш президент ретінде таниды. Сол себепті бұл атақты елбасыға лайық көрген.

"Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық", - дейді гүл өсіру өндірісінің президенті Жунсуке Кишиваки.

Іс-шараға келген тұрғындар «Президент Назарбаев» гүлінің сұлулығына таңдай қақты. Гүлдің ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

ОҚО-да жездесінен жүкті болған қыздың анасы: Қызымның өмірі қор болды

Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)

Омбы қаласында ең үздік қазақ аруы анықталды (фото, видео)

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға келді

Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308007-zhapondyqtar-ozderi-osirgen-gulge-naz.html