RU

Анасы Мейрамбектің туған күніне 100 жыл бойы сақталған атасының шапанын сыйлады (фото, видео)

Кеше қазақтың қоңыр үні аталған Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толу мерейтойын атап өтіп, оған қазақ эстрадасының жұлдыздары тегіс жиналды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ай-хай-25" деп жырлайтын Мейрамбек Беспаев қырықтың қырқасына келді. Ол Алатаудың бөктерінде дүбірлі той жасап, оны дүркіретіп өткізді.

Оған қазақ эстрадасының өкілдері, өнердегі әріптестері, журналистер жиналды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мейрамбекті айтулы мерекесімен құттықтап, оның отбасына, өзіне тек жақсылықтар тіледі.

Той қонақтарының ішінен Айнұр Тұрсынбаеваны байқап қалған желі қолданушылары оның жанында жолдасының жоқтығына назар аударды.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы өзінің жары Қайрат Беркінбаевпен бірге қонақ болып, ол желі қолданушыларының назарына ілікті.

Тойдың ерекше атап өтер сыйлығы оның анасының тартуы болды. Ол 100 жыл бойы сақталған атасының шапанын Мейрамбекке жауып, оған аналық тілектерін жеткізді.

Той қонақтары қысылмай-қымтырылмай көңіл көтерді.

Мейрамбектің жиен қарындасы ағасына ән арнап, оны естіген той қонақтары көздеріне жас алды.

Қазақ эстрада жұлдыздары әншінің туған күнінде әннен шашу шашып, тойдың көркін қыздырды.

Мейрамбектің достары бұл күні нағыз тойдың қандай болатынын көрсетті.

Тойда Мейрамбектің досы Тоқтар Серіков өзінің биімен таңқалдырды.

Сонымен бірге, Ұлықпан Жолдасов Мейрамбектің туған күніне тарту ретінде оған жаңа әнін сыйлап, Мейрамбек тап сол жерде жаңа әнін орындап та берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309191-anasy-meyrambektinh-tughan-kunine-100-zhyl.html