RU

Саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД жендеттерінің тізімі шықты

1930 жылдары СССР-да болған «Үлкен террор» - саяси қуғын-сүргінді іске асырған НКВД қызметкерлерінің тізімі жарыққа шықты деп жазады Азаттық.

Жобаны «Мемориал» халықаралық құқық қорғау қоғамы іске асырды. Тізімде Қазақстанда репрессия жүргізген жендеттердің де аты-жөндері берілген.

«Мемориал» халықаралық құқық қорғау қоғамы «Үлкен террор» заманындағы НКВД қызметкерлерінің тізімін жариялады. Тізімде СССР бойынша НКВД-ның жеке құрамында 1935-1941 жылдары жұмыс істеген 41 668 адамның аты-жөндері жарияланып, оның 39 950-і туралы қысқаша мағлұмат берілген.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НКВД-НЫҢ 15 ПАЙЫЗЫ - ҚАЗАҚ

Осы тізімнің ішінде сталиндік репрессияны Қазақ АССР-і (1920 жылы құырлды - ред.) мен Қазақ ССР-і (1936 жылдан бастап - ред.) аумағында жүзеге асырған мыңнан аса НКВД жендеттерінің аты-жөні жарияға шықты.

Азаттық тілшісі «Мемориал» сайтында жарияланған бұл қызметкерлерді санап, олардың 1080-дей адам екенін анықтады. Оның ішінде 170-тей қызметкердің аты-жөні қазақ екендерін білдіреді.

Мәселен, Қазақстанға қатысты бөлімде есімі жұртқа белгілі дегендердің ішінде Шәкәрім өлімімен байланысты аталатын Абзал Қарасартов; 1940-50 жылдары Қазақ ССР-і басшысы болған Жұмабай Шаяхметовтің есімдері аталады.

«Мемориал» сайтында Абзал Қарасартовқа 1936 жылы сәуір айында СССР НКВД-сы бұйрығымен «кіші лейтенант» шені берілгені, ұлты қазақ екені, 1906 жылы дүниеге келгені, НКВД-дан 1937 жылы қараша айында басқа жұмысқа ауысқан сәтте Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында шұғыл уәкіл болып тұрғаны жазылған. Тізімде Абзал Қарасартовтың өлімі туралы ақпарат жоқ екені де айтылады. Азаттыққа белгілі мәліметтер бойынша, Қарасартов 1979 жылы қайтыс болған.

Ал Жұмабай Шаяхметовтің 1938 жылы мамырдың 9-ы күні ВЧК-ОГПУ-дің (НКВД-ның контрреволюция және саботажбен күрес бөлімі) «Құрметті қызметкері» белгісімен марапатталғаны жазылған. Шаяхметовке 1940 жылы қарашада «мемлекеттік қауіпсіздіктің капитаны» деген шен берілген.

«Мемориал» сайты жариялаған бұл тізімге қарағанда, Қазақстандағы репрессияны іске асырған НКВД қызметкерлерінің 15 пайыздан астамының ұлты қазақ болғаны аңғарылады.

Кейбір тарихшылар Қазақстанда 1928-1929 және 1937-1938 жылдары 120 мыңдай адам репрессияға ұшырап, 25 мыңдай адам атылды деген дерек айтады.

Тергеу жүргізген, айыптарды ойдан құрастырған, тұтқындарды азаптаған 40 мыңнан аса жендеттің аты-жөні белгілі болып отыр.

- Облыстық басқармаларды басқарған негізгі басшылардың жүздеген есімдері аталып келді, бірақ тергеуді олар жүргізген жоқ қой, олар тергеу амалдарымен, істерді ойдан құрастырумен тікелей айналысқан жоқ, бұл шаруамен қарамағындағы қызметкерлер айналысқан, ал олардың есімдері белгісіз болып келді. Енді, міне әлгі 40 мың есімнің арасында тергеу жүргізгендердің, ойдан айыптар құрастырғандардың, әлгі қылмысты жасағандардың (ату жазасын орындағандардың - ред.) бәрінің аты-жөні бар, - дейді "Мемориал" қоғамының тең төрағасы Ян Рачинский.

Рачинский НКВД репрессиясына қатысқан, адамдарды саналы түрде азаптап, қылмыстық айыптауларды саналы түрде ойдан құрастырғандарды да ауыр қылмыскерлер, үлкен террорға жауапты деп біледі.

Оның ойынша, Сталин, жарлық қағазға қол қойған адамдар, бұйрық берген істі қарау тәртібін жеңілдету туралы заңды ойлап тапқан жендеттердің қылмысы осы жарлықтар мен заңдарды орындап, айыптауларды ойлап тапқан, адамдарды тікелей азаптағандар қылмысы бір.

Рачинский бұл тізімнің жариялануы полиция қызметкерлеріне сабақ болуы керек деген де ой айтады.

«Қазір бұйрықты ойсыз орындап жүргендер жеке жауапкершілік деген бар екенін, 20, 50 немесе 70 жылдан кейін бәрібір жауапқа тартылатынын білгені дұрыс. Осы тұрғыдан да сталинизм тарихы, большевизм тарихы бізге сабақ болуы тиіс» дейді ол.

Мақаланы қазақ тіліне аударған - Рахат Мамырбек. 

Тағы оқыңыздар:

Көкшетау тұрғыны жасанды тырнақ жалғатамын деп саусағынан айырылып қала жаздады

Ұзынағаштағы үш ағайындының өліміне қатысты тағы бір дерек шықты

Ақтөбеде белгісіз біреу "Аллаһу Акбар" деп айқайлап, тұрғындардың зәресін алған (видео)

Арыстанға жем болып, жылқы мен піл таптап өлтірген әртістер

Назарбаев Қазақстан халқының атынан кубалықтарға көңіл айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1330017-sayasi-qughyn-surgindi-iske-asyrghan-nkv.html