RU

Шейхтардың қарапайым отбасынан шыққан жұбайлары кімдер?

Олардың күйеулерінің байлығы миллиардтап саналады, ал өздері ертегідегідей сарайларда тұрып, жарқыраған көліктермен жүреді. Олар мысықтың орнына сарайларында жолбарыс асырайды. Қарапайым отбасында өмірге келіп, бай шейхтің сарайына бір-ақ түскен әйелдер кімдер?

Даяшы Наталья Алиева

Дене шынықтыру академиясының студенті Наталья Алиева ойда жоқта ханзаданың қалыңдығы болып шыға келген. Дубай басшысының жиені, миллиардер, спортшы әрі политик, ханзада Саид аль-Мактум Минскіге жарысқа келіп, өзіне екінші жар тауып бір-ақ қайтқан.

Ханзада келіп түскен қонақүйде оған қызмет көрсеткен Наталья оған бірден ұнап қалады. Ханзада қызды кездесуге шақырып, онымен танысқанына алты күн болғанда Натальяға үйленетінін айтқан.

Бүгінде Наталья мұсылмандықты қабылдап, есімін өзгерткен. Ол енді Аиша Әл-Мактум ханшайым болды. Мысықтың орнына оның сарайында гепард ұстайды. Ол бүгінде ханзада жарына бір ұл тауып берген.

Инженер-ханшайым Лалла Салма

Король VI Мохаммедтың бірінші әйелі Мароккодағы қарапайым мұғалімнің отбасынан шыққан. Лалланың мамандығы инженер. Ол Мароккодағы (Omnium North Africa) ірі жеке корпорацияда жұмыс істеген.  Болашақ күйеуімен ол 1999 жылы танысады. Ал таныстықтан соң үш жылдан кейін Марокко басшысының жұбайы ретінде ресми түрде танылады.

Ол бүгінде Марокконың бірінші ханымы. Ол қайырымдылықпен айналысып, екі баланы тәрбиелеп отыр.

Патшайым Рания Аль Абдулла

Рания Кувейтте балалар дәрігерінің отбасында дүниеге келіп, Каирдағы Американ университетінде оқыған.  Apple, кейіннен «Ситибанк» сынды ірі компанияларда қызмет еткен. Сонда жүріп Иордания ханзадасы  Абдалламен танысады. Рания мен Абдалла 1993 жылы, төрт ай таныстықтан соң барып үйленеді. 1999 жылы Абдалла король деп танылып, Рания Иордания патшайымы атағына ие болады.

Ол бүгінде төрт баланың анасы. Саясатпен, қайырымдылықпен айналысып, Таяу Шығыстағы әйелдерді қорғаумен айналысады.  2004 жылы оған күйеуі Иордания әскерінің полковнигі атағын сыйға тартады.

Моза Бинт Насер Аль Миснед

Катар әміршісінің үш әйелі бар. Соның екіншісі Моза 18 жасында оған тұрмысқа шығады. Қарапайым отбасынан шыққан ол бүгінде 5 ұл, 2 қыздың анасы болып отыр. Көптеген мемлекеттік және халықаралық лауазымды қызметтер атқарған.

Моза "Ең стильді танымал тұлғалар" тізіміне кіреді. Әлемдегі беделді әйелдердің қатарында.

Жұмбақ патшайым Фатима Кульсум Зоар Годабари

Сауд Аравия патшайымы туралы ешкім жазып та, айтып та жатқан жоқ. Фатиманың суреттері желіде пайда болғалы бері, оны ел жиі талқылауға алады.

Фатима орамал тағып, жабық киінеді. Бірақ оны жұрт Facebook-тегі парақашсы арқылы ғана таниды.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист "жұлдыздардың сырын ашамын деп шектен шыққан" бағдарламаны сынады

Қарттар үйінің тұрғыны өзін алып кетем деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

Таксиде есінен танып қалған әйелді зорлаған жүргізуші сот алдына келді

Жұрт мазақ қылған кедей бір сәтте байып шыға келді (фото)

19 жастағы футболшының жасыл алаңда жүрегі ұстап қалды (видео)

Трамп 4 миллардтық ұшақты қымбатсынып, сатып алудан бас тартты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340186-sheykhtardynh-qarapayym-otbasynan-shyqq.html