RU

Марқұм анасын еске алған Бейбіт Қорған тыңдармандарын жылатты (видео)

Танымал әнші Бейбіт Қорған марқұм болған анасын еске алып, тыңдармандарын жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақстан" Ұлттық арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында Бейбіт Қорған анасын еске алды.

"Анадан артық кім бар? Анаң өмірден өткен соң, кімге не айтарыңды білмей қаласың. Досың да, бауырың да анаң ғой. Тез есейіп кеткен сияқты боласың.

Ананың орнына бауырларыңа қатты ұрсып жібересің, сосын түсініспеушіліктер орын алады. Араласпай кететін кездер де болады. Саған "жұлдыз" сияқты қарайды. Бауырларың солай қараған соң, басқадан не күтесің?", - деді ол.

Желі қолданушылары Бейбіттің бұл сөздерін естіп, оған жылы лебіздерін аямады.

"Менің де анам жоқ, сондықтан шығар сізге бүйрегім бұрып тұрады", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

70 жастағы қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Ақышев: 2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341531-marqum-bolghan-anasyn-eske-algha-beybit.html