RU

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Швейцариядағы шалқыған өмірлерінің фотосымен Facebook парақшасында бөлісті. Ерлі-зайыптылар шетелде 2008 жылдан бері тұрып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

2014 жылы бірқатар БАҚ-та Лейла мен Виктордың ажырасып кеткені туралы ақпарат пайда болған. Алайда Facebook желісіндегі фотолар екеуінің әлі де бірге екенін байқатты.

"Швейцарияда Германиядағыдай таңғы ас, түскі ас пен кешкі ас қатаң белгіленген уақытта өтеді. Біз өз демалыс күндеріміздің кестесін құрып, оны ұстануды бақыт деп білеміз", - деп жазады Лейла күйеуімен фотосын жүктей отырып.

"Керемет жұп", "Неткен әйел", - деп мақтауларын жаудырды пікір қалдырушылар.

Өз парақшасында Лейла күйеуімен керемет табиғат аясында жүрген сәттерін көрсетті.

Лейла тағамдардың фотосын Facebook парақшасында жиі жариялап отырады.

9 желтоқсан күні Франция тарабы саясаткер Мұхтар Әблязовті экстрадициялаудан бас тартқан болатын. Храпуновтар отбасы бұл "қуанышты жаңалықты" атап өткен сәтінен фотомен бөлісті.

Еске салсақ, 2007 жылдың 1 қарашасында Виктор Храпунов ТЖ министрі қызметінен босатылған болатын. Бұған оның Алматы әкімі болған кезіндегі жерді заңсыз бөлуге жол бергендігі себеп болған.

Ол 2007 жылы Швейцарияға көшіп кетті. 2009-2011 жылы Храпуновтар отбасы Швейцарияның ең бай 300 адамы қатарынан табылған.

Виктор Храпунов Қазақстанда Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айыпталуда. Ол отбасымен бірге халықаралық іздеуге жарияланып, елден 48 млн доллар және 7,7 миллион евро жымқырғаны анықталған.

1998 жылы некелерін қиған Лейла мен Виктордың бүгінде бес баласы және үш немересі бар.

 

Даниэль Храпунов - ерлі-зайыптылардың жалғыз ортақ ұлы. Ол бүгінде Швейцарияда білім алуда.

Тағы да оқыңыздар: 

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345040-viktor-khrapunov-pen-onynh-zharynynh-shvey.html