RU

Қазақстандық танымал журналист қайтыс болды

Алматыда танымал журналист, КТК жаңалықтар қызметінің бұрынғы бас редакторы Алла Бильская қайтыс болды. Бұл туралы журналистің достары Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады деп жазады NUR.KZ.

"Құрбым қаза болды. Алла Бильская - ең жақын досым еді", - деп жазды Инна Рудакова.

КТК жаңалықтар қызметі бас редакторының бұрынғы орынбасары Шолпан Әли журналистерді марқұмның отбасын қолдауға шақырды.

"Алла маған анам секілді болатын. Ол ауырды. Көмектен бас тартты. Өмірінің соңығы сәтіне дейін қалжыңдап өтті. Достар, әріптестер, КТК... Қазір барлығыңыздың бірігіп, Алланың отбасын қолдауыңызды өтінемін. Өте ауыр кезең. Бұл оның отбасындағы соңғы уақыттағы үшінші жерлеу рәсімі. Дәрі, ем. Енді сіздер бәрін білесіздер. Тағы естімеген адамдар болса, өтініш айтыңыздар. Әлі өз-өзіме келе алар емеспін. Қазір телефон шалудың да мәні жоқ. Таңертең Инна Астанадағы Аллаға барады. Өтініш бәріміз бірігіп қолдайық. Еміне қаржат жинап бермедік. Себебі Алла Анатольевна бұған рұқсат бермеді. Енді балаларына жинап берейік. Кешкісін Алматыда боламын. Хабарласыңыздар", - деп жазды Шолпан Әли Facebook-тегі парақшасында.

Егер материалдық қолдау көрсетем деген адамдар болса, мына байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8 701 757 56 45, Инна.

Тағы оқыңыздар:

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Түркістан әкімі Тәуелсіздік қарсаңында жерлестерін қуантып тастады (фото)

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346266-qazaqstandyq-tanymal-zhurnalist-qaza.html