RU

Оңтүстік Кореяда адам тәріздес алып робот жұрттың таңданысын тудырды (видео)

Голливуд фильмдеріндегі алып роботтарды енді тек көгілдір экраннан ғана емес, шынайы өмірде де кездестіруге болады деп хабарлайды 24.kz.

Оңтүстік Кореяның өнертапқыштары адам тәріздес құлтемір жасап шығарды. Ол адамның айтқанын мүлтіксіз орындап, қолдарын қозғап, жүре алады. Оны қашықтан басқаруға да болады. Ал роботтың Голливуд киноларындағы трансформер мен терминаторға ұқсастығы тегін емес.

Себебі, оның дизайнын осы фильмдерде суреттердің сызбасын салған маман дайындаған. Жоба келесі жылы қолданысқа еніп, оның құны 8,5 млн долларға дейін бағаланады.

Ян Джин Хо, Hankook Mirae Technology басшысы: - Біз жасаған робот кино саласы мен ойын-сауық алаңдарында қолданылады. Сонымен қатар құлтемірді қара күшті қажет ететін өнеркәсіп пен құрылыста да пайдалануға болады. Әскери өндірістерден де тапсырыс түсіп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

25-тегі келін айлығын түгел сыпырып, 200 теңгемен қалдыратын енесіне ренжулі

Назарбаев павлодарлық бүлдіршіннің арманын орындады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел соғады

Ыстамбұлда Cанта Клаус костюмін киген қаскөй 35 адамды атып өлтірді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1364513-onhtustik-koreyada-adam-tarizdes-alyp-r.html