Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алмас қылыш" фильмінің режиссері: Сын айтпаса, біздің қазақ қазақ бола ма?

Опубликовано:

Рүстем Әбдiраш ел iшiнен көп өтiнiш түсiп жатқандықтан «Қазақ xандығы. Алмас қылыш» фильмінің жалғасын түсiрмекшi. Режиссер үкiметте алғашқы кинотуындыны түсiрген кезде қаражат жағынан көп қиыншылықтар көргенiн айта келе, осы жолы молырақ қаржы бөлудi сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Осыдан екi жыл бұрын елбасының арқасында «Қазақ хандығы» деген үлкен жобаны бастадық. Көп қиыншылықтар көрдiк. Түсiрiлiм алаңында қару-жарақ жетіспей жатады, оқ жетіспей жатады. Соның бәрі айналып келгенде қаражатқа тіреледі. Бірақ ел ағаларының арқасында осы фильмді бітіріп, ұялмайтындай жасап шықтық деп ойлаймын. Реті келiп тұрғанда айтайын, сол кездегі Қорғаныс министрі Иманғали Нұрғалиұлына мың да бір рақмет. Осы жобаға көп көмегін тигізді. Қапшағайда түсіру тобының жататын орнын беріп, қорықшылар полкiн жіберді, ат жағынан үлкен көмек болды. Сонымен қатар Алматы әкімі Бауыржан Байбек те өзі келіп, кәсіпкерлерді тауып, фильмнің аяғына дейін түсірілуіне көмек көрсеттi. Осылай, ел ағаларының арқасында осы үлкен жобаны аяқтап шықтық. 5 қаңтарда ол көрерменге жол тартты», - деді Рүстем Әбдіраш.

Режиссердiң айтуынша, «Қазақ xандығы. Алмас қылыш» фильмін халық жақсы қабылдады. Дегенмен, сын айтатындар да бар.

«Енді, сын айтпаса, біздің қазақ қазақ бола ма? Кезінде «Қыз Жібек» шыққанда да біраз сын айтылған. Бірақ бәрібір ол өз орнын тапты. Біздің жобамыз да қазақ киносы әлемiнде өз орнын табады деген ойдаймыз», - дедi режиссер.

Рүстем Әбдiраш «Алмас қылыш» тарихи фильмiнiң жалғасын түсiрмекшi. Режиссер қазақ киносының болашағы талқыланған үкiмет отырысында осы жолы молырақ қаражат бөлудi сұрады.

«Биыл фильмнің жалғасын түсіретін ойымыз бар. Бүгінде елден көп сұрау түсіп жатыр. Сондықтан сіздер, ел ағалары қолдап, осы жолы дұрыс бюджет беріңіздерші. Өйткені қиналып жұмыс істейсің. Аяғыңа тартсаң, басқа жетпейді. Басыңа тартсаң, аяққа жетпейді. Енді, бұл өзімнің әкем туралы фильм емес. Ол - бүкіл xалқымыздың, ата-бабамыздың тариxы ғой. Осы жерде отырған бүкiл азаматтардың ата-бабасының тариxы. Сондықтан ел болып бұл жобаны жалғастырып, келесі жылы паш етсек, дұрыс болар еді», - дейдi режиссер.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)

Шымкентте белгісіз біреулер шіркеуді тонап, садақа жәшігін алып кетті

Түркияның Білім министрі мектеп бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастады

Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1378268-almas-qylysh-filmininh-rezhisseri-syn/

pixel