Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде теракт кезінде дәретханаға тығылған әскерилер сот үкімін күліп тыңдады (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде содырлардан қашып, дәретханаға тығылған әскерилер сот залынан абақтыға жіберілді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бас бостандығымен қатар әскери шені мен майор атағынан айырылған екі әскери қызметкердің қолына кісенді әріптестері салды.

Бүгін Ақтөбе гарнизоны әскери соты лаңкестердің шабуылы кезінде тиісінше әрекет ете алмаған екі әскери қызметкер Қайнарбек Тастанбеков пен Қайырғали Оразжановқа үкім шығарды. Үкім өзгелерге сабақ болу үшін 6655 әскери бөлімшенің ішінде, әскери қызметкерлердің алдында оқылды.

Әскери соттың судьясы жазаның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты жеңілдетілгенін ескертті. Радикалдарға тойтарыс берудің орнына дәретхана ішінде бас сауғалаған Қайнарбек Тастанбеков 4 жыл 6 ай уақытын жалпы режимдегі абақтыда өткізеді. Тастанбеков соттағы сөзінде өзінің кінәсіз екенін айтқан болатын. Керісінше, ол содырлар сойқаны кезінде әрекет ете алмаған басшыларын кінәлаған болатын.

Әріптесі Қайырғали Оразжановты сот 3 жыл 6 айға жалпы режимдегі абақтыда отырғызуға үкім шығарды. Ол өз кінәсін мойындаған.

Сот төрағасы міндетін тиісінше атқара алмаған әскери қызметкерлерге қатаң жаза кесті. Оларды әскери атақтарынан айырып, майор шендерін де айыруға үкім шығарды.

Сотталушы Қайнарбек Тастанбеков сот үкімін миығынан күліп тыңдады. Тіпті, ол бір жарым сағатқа созылған сот үкім оқылу кезінде есінеп,  белі мен мойнына жаттығу жасап тұрды.

Сотталушы Қайырғали Оразжанов сот басталғаннан басын көтермей, жер шұқып тұрды.

Қайнарбек Тастанбековтың әйелі сот үкімін жылап тұрып тыңдады. Қайнарбек Тастанбековтың екі, Қайырғали Оразжановтың үш баласы бар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтарды "оңбаған", "маңқа" деп атаған қырғыз ақындары жұрттың ашуына тиді (видео)

Атышулы журналист әкімдер мен министрден қалай ақша бопсалағанын айтып берді

Елбасының жанындағы ұрылар туралы ашып айтқан Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз?

Мұхтар Шаханов: Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан айырылсын

Алматылық кәсіпкер Баян Есентаевамен түскен суретін салып, желіні шулатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1379164-aqtobede-terakt-kezinde-daretkhanagha/

pixel