Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің көзі тірісінде туған қайнысына тұрмысқа шыққан келіншек елдің ашуына тиді

Опубликовано:

Отбасылық қарым-қатынас өте күрделі, сондықтан түрлі отбасыларда алуан түрлі жайттардың орын алуы да заңды. Дегенмен, NUR.KZ порталына хабарласқан оқырмандар адамгершілік қағидаларына сыймайтын түрлі оқиғаларды ашына айтып, жариялауды сұрап хабарласып жатады. Солардың бірі - күйеуін тастап, туған қайнысымен бірге өмір сүріп жатқан алматылық келіншектің оқиғасы.

Бұл отбасының ауылдасы әрі жақын досы мұндай жайтқа бірінші рет куә болғанын айтады. Себебі қазақта бар әмеңгерлік заңы еш уақытта ағасының көзі тірісінде пайдаланылмаған.

"Жесір қалған жеңгесіне ағасының артында қалған балалары жетімсіремесін, жат жұрттық болып кетпесін деген ізгі ниеттен туған ғой әмеңгерлік. Бірақ Ердос пен Жәмиля (ред. - аты-жөні өзгертілген) мұндай заңға еш қарамады. Әлі үйленбеген жап-жас қайнысы өзінің екі баласы бар туған жеңгесіне үйленіп алды. Көзіміз көрді.

Ағасы туған бауырынан мұндай опасыздықты күтпесе керек. Ұзақ уақыт өз өзіне келе алмай жүрді. Тіпті олардың әке-шешесі де Ердосты тоқтата алмады. Туған бауыры болғаны ғана оны тоқтатқан сияқты", - деп жазады оқырман.

Оның айтуынша, қатты қиналған ағасы бірнеше жыл бойы басқа жаққа да кетіп қалған. Бір қызығы, кейіннен олар бұл іске көндігіп, еті өліп кеткені соншалық, сол ауылға қайта келіп, басқа отбасын құрған.

"Ал жеңгесіне үйленген Ердос ағасының екі баласын бағып отыр, өзінен әлі бала жоқ. Ағайындылар әлі де бір ауылда тұрып жатыр. Араласпайды", - деп айтып берді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Семейдегі ядролық медицина орталығының ашылуын күте алмаған 300 адам аурудан көз жұмды

Үкімет дүниежүзілік банктен медициналық сақтандыруға 25 млрд қарыз алмақ

Қарағандыда ашылғанына үш-ақ жыл болған "Аналар үйінен" дау шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1482747-aghasynynh-kozi-tirisinde-eki-balaly-zhe/

pixel