Выйти
RU

Немересін мыстан кемпір болып шошытқан әйел өмір бойына сотталып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Оклахома штатында 51-жастағы Женева Робинсон мыстан кемпірше киініп алып, немересін қорқытқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол жеті жастағы немересін азаматтық некедегі күйеуі Джошуа Грейнджермен бірге күн сайын қорқытыпты.

Мыстан кемпірдің киімін киіп алатын Женева бүлдіршін ұйықтаған кезде оның денесін тырнап, сырып, шашын кесіп тастаған. Әйел 2014 жылы немересін бағындыра алмаймын деп емханаға әкелгенде қамауға алынған. Осы кезде кішкентай қыз дәрігерлерге барлық оқиғаны айтып береді.

Бала әбден азып кеткен, денесінің бәрі көгеріп, желкесінде жара іздері болған.

Тағы оқыңыздар: 120 жастағы үнділік қария пәктігінен айырылмағанын айтып мақтанды

Тінту барысында полицейлер жеті жастағы қыздың оқиғасын растайтын дәлелерді табады.

"Мыстан" әжей күйеуімен бірге бұл қыздан бөлек, тағы үш бүлдіршінді тәрбиелеген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Немересін мыстан кемпір болып шошытқан әйел өмір бойына сотталып кетті
Mailfire view pixel