Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі беделді бизнесменнің қыздары қандай кәсіппен айналысады?

Опубликовано:

Елімізде шоу-бизнес өкілдерінің балалары танымалдыққа ие болып, көпшілік назарында жүреді. Ал бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз бизнес әлемі жұлдыздары мен олардың танымал қыздары.  Бұл туралы comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айя Шалқар мен Шалқар Нұртілеуов

Айя Шалқар - Instagram желісінде аса танымал модельдердің бірі. 18 жасында Айя ZUT журналының мұқабасына түскен. Францияға оқуға кеткеннен кейін бойжеткеннің өмірі өзгереді.

Оның қайсар мінезі әкесінен болуы керек. Айяның әкесі - Шалқар Нұртілеуов ұстаздықтан ірі компания бизнесменіне айналған жан. Бүгінде ол "Көкшетауминсу" АҚ басшысы. Сондай-ақ ол мұнай секторында да қызмет атқарған.

Бибігүл Ақтан және Ақтан Сүйіншәлин

Оларды ресейлік қазақтар деп атайды. Себебі өмірлері Мәскеу мен Алматының ортасында өтіп жатыр.

Актриса Бибигүл Сүйіншәлина тоғыз айлығында Мәскеуге көшіп кеткен.

Оның өнерге деген махаббатының орасан зор болуы тегін емес, себебі әкесі продюсер - Ақтан Сүйіншалин, ал анасы режиссер.

Зере Шакерхан және Мұратхан Тоқмәди

Танымал қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди үлкен отбасының иесі.

Ол - бүгінде үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған әке. Қыздарының бірі Зере бала күнінен музыка мен өнерге деген махаббаты арқылы ерекшеленіп тұратын.

Әкесі оны Абайдың әжесінің құрметіне Зере деп атаған. Тұрмысқа шығып, отбасылы болған Зеренің мамандығы маркетолог, қосымша өзінің жеке сән салоны бар.

Анеля және Райымбек Баталовтар

Ануар Қасымұлы Баталов – Қазақстан мәжілісі парламентінің экс-депутаты, Элеонора Баталова - "Алматы кiтап баспасы" Директорлар кеңесінің төрайымы.

Олардың ұлдары елімізге танымал кәсіпкер - Райымбек Баталов. Оның тұңғыш қызы Анеля жоғары сыныптан бастап шет елде оқыған, кейіннен Қазақстанға келіп, ірі баспаханада әжесінің тәжірбиесін жалғастыруда.

Арухан және Марат Бисенғалиевтар

Бүгінгі тізімдегі ең танымал әкелердің бірі Марат Бисенғалиев.

Тағы оқыңыздар: Сәуле Әбединова "қазақша ойлай алмайтын" Меруерт Өтекешоваға жауап берді.

Марат Бисенғалиев - талантты музыкант, әлемдік деңгейдегі скрипкашы. Ал оның қызы Арухан актерлік саланы таңдаған.

Ол режиссер Джо Райтаның "Анна Каренина" фильмінде Аннаның елесінің рөлін ойнаған. Арухан Лондонда тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1513459-elimizge-belgili-qyzdardynh-tanymal/

pixel