RU

Заттыбек Көпбосынұлы зәулім үйіне Шымкенттің бас имамын шақырып, ауызашар берді (фото)

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің хан сарайындай зәулім үйіне өңірдің бас имы бастаған бір топ азаматты шақырып, ауыз ашар берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінен белгілі болды.

"Өзім ерекше сыйлайтын, қатты құрметтейтін Заттыбек Көпбосынұлы ағамның үйінде бүгін ерекше ауызашар болды. Оңтүстік өңірінің бас имамы Ахметжан Керімбек ағамның əсерлі əңгімесін, Біржан Байтуов пен Қажымұхан Абзаловтың айтысын, Заттыбек ағамның термесін тыңдап жан рахаттанды.

Құр тамақ жеп қана қоймай, Заттыбек ағамның сол аймақ тұрғындарына ашып берген намазханасында тарауих оқып тарқастық. Берекелі отырыс көп болсын! Аға-бауырлар аман болғай!", - деп жазды Берік Сұлтан есімді желі қолданушысы.

Тағы оқыңыздар: Астанаға қыдырып келген қонақтар тамақтанатын жер таппай, "аш" қалғанын айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1520015-zattybek-kopbosynuly-zaulim-uyine-shy.html