RU

Жігіттер қандай қыздарға үйленгісі келмейді?

Жиырмадан асқан соң әрбір қызды тұрмысқа шығу туралы ой мазалай бастайды. Кейбірі ерте теңін тауып кетсе, енді бірі «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсынысты ұзақ күтеді.

Психологтардың пайымдауынша төмендегі 5 типтегі қыздарға жігіттер оңайлықпен ұсыныс жасамайтын көрінеді. Сонымен олардың қатарында қандай қыздар бар екенін бірге көрейік.

«Актриса» қыздар

Бұл жерде мамандықты айтып тұрғанымыз жоқ, «Актриса» деген типке жататын сылқымдарды меңзейміз. Олардың шамадан тыс қылықтары мен жұмбақтары болады. Ол ешкімге ұқсамайтын бір рөлге кіріп алады және оны үнемі өзгертіп тұруы да мүмкін. Ал ер адамның миы салмақ түсіретін ойды ойлағысы келмейді.

«Шығармашылық» бикештер

Бұл жердегі «шығармашылық» сөзі жұмысқа емес, мінезге байланысты айтылып тұр. Бұндай сұлулар өзінің көзқарасы мен тілегін минут сайын ауыстырғыш болып келеді. Өздері нақты шешім қабылдай алмайды. Мұндай әйелдердің жанында ер адам әрі қарай не болатынын білмейді. Мұндай қылық оның психикасына әсер етіп, мазасын алады.

«Білгіштер» 

Бұл типтегі қыздар ер адам нені қалайтынын жақсы біледі. Олар жігіттермен қарым-қатынас туралы барлық кітаптар мен тренингтерге қатысқан. Бұндай қыздар кез келген тақырыпта әңгіме айта алады және өзінің пікірі қалыптасқан. Ал осындай қыздармен кездескен ерлер өзінің зеректігіне күмәнмен қарай бастайды. Сондықтан түбінде қашқанды жөн санайды.

Тағы оқыңыздар: Асхат Тарғын жас келіншегін бақытты ету үшін арнайы әдебиет оқуға кірісті (фото)

«Пьеро» типі

Пьеро, яғни өз өміріне көңілі толмайтын жандар. Барлық өмірі мұн, мүсіні келіспей қалған, мансапта жолы болмаған, тіпті ауа-райына да наразы болып жүреді. Бүкіл өмірін апатия, дипрессиямен өткізеді, бір сөзбен айтқанда өмірін өзгертуге құлшынысы жоқ қыздар. Еркек-психотерапевт емес, қорған болатын адам. Мұндай қызбен араласа бастаған жігіттер бірден құтылуға тырысады екен.

«Тәуелсіз» қыздар

Бұл қыздар жалғыздықтан қорықпайды. Сүйікті адам кездессе қарсы емес, ал кездеспесе жалғыс өмір сүруге де болады деп ойлайды. Тіпті бұл типтегі қыздардың кейбірі үйінде үнемі бір жігітті көруді құп санамайды. Бір жігітпен танысса, болашақта мүмкін бұдан да жақсысы кездесіп қалса… деген оймен жүреді. Бұл қыздар жігіттердің бір рамкадан шықпауын, мінсіз еркектің рөлінде болуын қалайды. Сонымен қатар, сөзінде жалғыздықтың жақсы екенін айтып отырады. Ал жігіттер олардан қорқады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1525366-zhigitter-qanday-qyzdargha-uylengisi-k.html