RU

Жігітін қызғанған бойжеткен 12 жасар қызды аяусыз соққыға жықты (фото)

12 жастағы кішкентай қыздан жігітін қызғанған бойжеткен жеткіншекті аямастан итеріп жіберді. Оқиға 28 мамыр күні АҚШ-тың Пенсильвания штатында орын алған. Бірақ бұл туралы жақында ғана мәлім болды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бейнебақылау камерасы 12 жастағы Пресли Кинидің дүкенге кіріп кеткен әкесін күтіп тұрғанын тіркеген.

Осы уақытта қыздың жанынан қыз бен жігіт өтеді, осыдан кейін жас жігіт жеткіншектен бір нәрсе сұрау үшін қайта оралады.

Бірнеше секунд өте салысымен 28 жастағы Марленя Уража Преслиге тап береді.

Кинидің айтуынша, жас жігіт қыздан өзі жеп тұрған кәмпитін бөлісуді сұраған. Пресли өзін итерген бойжеткеннің жігітін қызғанғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Дүкеннің терезесінен қызының құлап жатқанын көрген әкесі, ашуға булыққан қызды қуып жете алмайтынын түсініп, қызының жанында тұрған. Кейіннен қыздың анасы жергілікті полицияға шағым түсіреді.

Полиция қызғаншақ қызды тапты, әзірше ол бостандықта жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1526765-zhigitin-qyzghanghan-boyzhetken-12-zhasar-qy.html