Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тірі жан аяқ баспайтын әлемдегі құпияға толы 10 мекен

Опубликовано:

Қарапайым туристер мен тұрғындардың кіруіне тыйым салынған әлемнің құпияға толы он мекенін NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Жапон императорлары жерленген көне қорған

Кофун деп аталатын бұл қорғанның үлкендігі сонша, бүтін бір арал секілді көрінеді. Мұнда тек арнайы рұқсаты бар археологтар кіре алады. Бір белгілісі қорғандағы барлық нысан құлыптың саңылауы пішіндес етіп салынған.

Үнді мұхитындағы жабайы арал

Тағы оқыңыздар: Жас қыздармен көңіл көтеретін миллионер Қазақстанға не үшін келе жатыр?

Бұл аралда 400 абориген тұрады. Олар заманауи өмірден бейхабар және кез келген адам жақындай кетсе, тап беруге әзір. Сол себепті, туристердің қауіпсіздігі үшін бұл аралға кіруге тыйым салынған.

«Зона-51», АҚШ

АҚШ-тағы бұл құпия әскери база туралы тек 2013 жылы белгілі болды. Невада штатының шөлді аймағында орналасқан базаға туристер түгілі қарапайым тұрғындар да кіре алмайды. Кей сыбыстарға сенсек, мұнда болашақ ұшу аппараттары салынып, жатпланеталықтарды зерттейтін уфологиялық зертхана бой көтерген.

Эфиопиядағы Әулие Мария Сионскаяның шіркеуі

Аталмыш шіркеуде бір адам ғана кіре алатын өсиет орны бар. Бұл орынды тек оның кілтін сақтаушы мекен етеді. Ол шіркеуден өмір бойына аластамауы керек.

Жапония, ұлы Исэ ғибадатханасы

Тағы оқыңыздар: Қыз-қырқынның арманына айналған сегіз қария (фото)

Аталмыш ғибадатханаға тек таңдаулы дін қызметкерлері мен император отбасының мүшелері кіре алады. Қалғандары алыстан тамашалауға мәжбүр.

Сейбл аралы — Канаданың құпиясы

Атлантикада қалқып жүрген бұл құмды аралда 35 адам ғана тұрады. Арал апатқа ұшыраған кеме қалдықтарына толы. Билік аралды қорықтар қатарына жатқызғаннан кейін онда екінің бірі кіре алмайды. Ол үшін сіз билікке арнайы петиция жазып, аралды не үшін көргіңіз келетінін түсіндіруіңіз керек.

Радиолокациялық «Дон-2Н»станциясы, Ресей

Бұл заманауи пирамиданың биіктігі 40 метр, ені 140 метр. Станция Мәскеу қаласының ракетаға қарсы қорғаныс күшіндегі басты нысан. Оған журналистерді сирек кіргізіп жатады. Оның өзінде журналистер нысанның тек рұқсат етілген бөліктерін тамашалай алады.

Рашмор — АҚШ президенттерінің жартасы

Бұл жартасқа АҚШ-тың төрт президентінің мүсіні қашалған: Вашингтон, Джефферсон, Рузвельт пен Линкольн. Туристер бұл аймаққа жиі ағылғанымен, жартас ішіндегі құпия бөлме туралы көбі біле бермейді.

Аталмыш бөлмеде өте маңызды тарихи құжаттар сақталған. Ол жерге кіретін есік бұғатталып, гранит плитасымен қапталғандықтан, бөтен ешкім кіре алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1528699-tiri-zhan-ayaq-baspaytyn-alemninh-qupiyagh/

pixel