Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан және Нұрсұлу: елімізге белгілі шенеуніктер балаларына қандай есім қойған?

Опубликовано:

Министр, әкім және басқа да шенеуніктердің есімін қазақстандықтардың бәрі біледі. Ал олардың жұбайлары мен балаларының есімі көпшілікке таныс емес. Әрине, тек экс-шенеунік Қажымұрат Үсеновтың баласын қоспағанда.

Мемлекет басшысының балаларының есімін халық жақсы біледі. Немерелерінің де аты-жөні көпшілікке мәлім, ал шөберелерінің аты ерекше.

Айсұлтан Назарбаев креативтілік танытып, қызының есімін –  Амели деп қойған. Амелидің - Әнуар және Алан Әлиев есімді туыс ағалары бар, олар Нұрәлінің ұлдары.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен жанұясы көпшілік назарына жиі ілінеді.

Ашық дереккөздердің мәліметінше,  Байбек мырза бес баланың әкесі. Әкімнің Інжу, Жарқынай атты екі қызы, Нұрмұхамед, Нұрдәулет және Нұржiгiт есімді үш ұлы бар.

Бүгінде "Нұр" сөзінен басталатын есімдер сәнге айналған.

Мысалы, Иманғали Тасмағамбетов орайын келтіріп, ұқсас есім тауып, ойлануға бас қатырмастан бірден ұлын Нұрсұлтан деп атаған. Алматы мен Астананың бұрынғы әкімінің Әсел және Софья атты екі қызы бар.

Осыған ұқсас "нұрлы" есімді президенттің бұрынғы кеңесшісі, қазіргі ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың ұлы иеленген.  Оның есімі – Нұрдәулет. Сонымен қатар отбасында Дана және Адель Абаевалар өсіп келеді.

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың балаларының есімі де өте қызық.  Біріншіден, олардың барлығы Ноғавтың әкесінің есімімен басталады, екіншіден бұл отбасының өз Нұрсұлтан бар: Асқар Иманғали, Асқар Ержан, Асқар Нұрсұлтан, Асқар Нұржан, Асқар Бағлан, Асқар Нұрсұлу.

ҰҚК төрағасы, еліміздің бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің үш баласы бар, ал БАҚ беттерінде қызы Тамиланың есімі ғана аталған.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздардың ерке балалары қандай көлік мінеді? (фото)

Шымкент әкімі Ғабидулла  Әбдірахымов– көп балалы әке. Оның төрт перзенті бар: қыздары  Әсел, Алтынай, Аделя және ұлы Әлихан.

"Астана Экспо" Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовтің Ғалия және Айжан есімді қыздары бар. 

Айжан атты есім шенеуніктердің қыздары арасында танымал.  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қызына Айжан есімін қойған, министрдің Дінмұхамед және Жандос есімді ұлдары бар.

Айжан атты қыз Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың та отбасында бар.  Оның балаларының есімі - Айжан, Тоғжан, Азат және Ерлан.

Қазіргі премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың екі қызы бар, олардың есімі – Меруерт пен Надира.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бес баласы бар: Сара, Ілияс, Сұлу, Мағжан және Зере.

Ал, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың екі ұлы -  Данияр және Әлжан, қызы Әйгерім.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің ұлының есімі – Әлихан, қызы - Кәмилә.

Денсуалық сақтау министрі Біртанов Елжанның бес баласы бар.  Ашық дерекөздерден үш есім белгілі: Жәмилә, Мадина және Райымбек.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО терезелерінің шытынағанын атышулы Куянов мойындап отыр

Жәмилә ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отбасында да бар. Жәмилә Қасымованың Кәмилә есімді әпкесі мен Қанат атты бауыры бар.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек төрт бала тәрбиелеп отыр: Мәди, Ләйлім, Жансая және Ақерке.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үш бала тәрбиелеп отыр, ұлы - Дәурен, қыздары - Әмина мен Адина.

Қорғаныс және аэрокосметикалық өндіріс министрі Бейбіт Атамқұловтың ұлдарының аттары - Бөкей, Амаль және Диас. 

Облыс әкімдері балаларының есімі өзгешеліктерімен ерекшеленеді.  Сонымен, Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың балалары - Саёра, Әділбек және Исламбек.  

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың балалары - Еркін, Салтанат және Оңталап.

Аделия және Талғат –ШҚО әкімі Даниал Ахметов мұрагерлерін осылай атаса, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев  Эльдана және Эльнар есімді қыздарды тәрбиелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1530624-nursultan-zhane-nursulu-elimizge-belg/

pixel