Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір жасар сәбидің басы күн санап өсіп бара жатыр (фото)

Опубликовано:

Қасиетті қадір түнінде көппен бірге дұға етіп, Алладан балаларының амандығын тілеген көп балалы аналардың бірі – Айбаршын Есениязова. Былтыр жазда егіз ұл босанған ол қос құлынының біріне аяқ астынан дерт жабысып, «барар жер, басар тауым қалмады» деп жан ұшыруда. Ақтаулық ана елорда дәрігерлеріне шағымданып, көптен көмек сұрап отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Егіздердің бірі Дидар туа бітті гидроцефалия дертіне шалдыққан. Бас сүйегінде су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы салдарынан  бүгінде сәби өздігінен қозғала алмай, жүріп-тұруы қиындап кеткен. Дидарға қырқынан шыға сала Астанада ота жасалғанымен, бүлдіршіннің жағдайы жақсармаған.

«Жергілікті емханаға бардық. Олар маған балаңыз адам болмайды деп шығарып салды. Басы қатты өсіп жатыр. Сосын Астанаға қайта-қайта запрос жібердім. Ол жақтағылар да баланы қарауды мойнына алғысы келмей, жергілікті жерге қаралсын деумен келеді", - деп қынжылды Айбаршын.

Тағы оқыңыздар: Мамандар Аралдан шыққан атышулы емші Ербосынның құпиясын ашты

Десе де сәбидің қимылы ширақ, бойы сергек. Бас сүйегінің ауыр тартып, оны көтере алмауына қарамастан, Дидар сыңарынан қалмай еңбектеп, ойнағысы келеді.

«Дәрігерлер оның миы жоқ  екенін айтады. Бірақ миы жоқ балаға ұқсамайды.  Кәдімгідей жан-жағына қарап, адамның келгенін, сөйлегеніңді біледі. Аяқ-қолы істеп тұр. Тісі шығып жатыр», - дейді көп балалы ана.

Маңғыстау облысы мен Астана қаласы ауруханаларының табалдырығын тоздырған Айбаршын жергілікті әкімдік пен «Нұр Отаннан» да көмек сұраған көрінеді. Алайда ондағылар Айбаршынға көмек көрсетуден бас тартып, бір-біріне сілтеумен болған. Амалы таусылған ана шетелдік мамандар көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отыр.

"Егіз бала, оның үстіне біреуінің басы үлкен. Баланы апарып, алып келе қоятын астымда көлігім де жоқ. Қоғамдық көлікте біреудің қолы тиіп кетіп, баламның басына зақым келмей де деп қорқамын. Жолдасым жұмыста, өзім декреттемін. Израильге хабарлама жазып хабарластым, сөйтіп олар маған қоңырау шалды. Егер балаңызды емдетемін десеңіз бізге алып келіңіз деді.

Емдеу құны 50 мың доллар. Демеушілер табылып жатыр. Бірақ олар менен дәрігердің қортыныдысын сұрап отыр. Менде қолымда ешқандай қорытынды жоқ. Себебі Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы маған қорытынды бермей отыр. Қорытынды шығарып бермейміз, бере алмаймыз дейді. Басы сол қалыпта қалады деп отыр», - деп  амалы таусылған ана жан айқайын жеткізді.

Айбаршын баласының тағдырына бей-жай қарамайтын жандардан көмек сұрап, 1 жасар Дидардың дертінен құлан таза айығып кетуіне ел болып жәрдемдесу туралы өтініш айтып отыр.

Айбаршын Есениязованың телефон нөмірі: 87784312909 (киви-әмиян да осы номерде)

Халық банк: KZ646010002000351895 немесе 4402 5735 0777 7813

ИИН: 770313403507

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1532588-basy-shekten-tys-osip-ketken-1-zhasar-sabi/

pixel