Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі уағызшы қожалардың неліктен қазаққа қыз бермейтінін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Қожалар неге қазаққа қыз бермейді? Қожа қожадан ғана қыз алу керек пе? Бұл сұрақтарға белгілі уағызшы Әбдіғаппар Сманов жауап берді деп хабарлайды baq.kz.

«Қожаларда сондай ұғым болған. Бірақ қараға қыз бермеу керек дегенді қожалар шығармаған. Кешегі біздің үш биіміз қожаларды құрмет қылған. Құрметтегені сондай, «Біз сіздерге қыз берейік те, сіздерден қыз алмайық. Себебі ұрыс-керіс болып, сіздердің қызыңызды біздің ұлымыз балағаттап қоятын болса, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тиіп кетеді. Ертең Пайғамбарымыздың жүзіне қалай қараймыз?» деп, осындай келісімге келген», - деп түсіндірді ол.

Тағы оқыңыздар: Кемаль қайтыс болды: Қазақ әйелдерінің көз жасын көл қылған кім? (фото, видео)

Әбдіғаппар Сманов сөз арасында қожа қожалығын тек қана дінмен көрсете алатынын айтты.

«Әйтпесе пешенесіне қожа деп жазылса да, ол қожа бола алмайды», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1538394-belgili-uaghyzshy-qozhalardynh-nelikten/

pixel