RU

Әлемдегі ең бақытты және ең бақытсыз елдер анықталды

Әлемдегі ең бақытты және ең бақытсыз елдер анықталды. Бақытты елдердің көшін Парагвай бастап тұр. Gallup баяндамасында жазылғандай, бұл мемлекет осымен екінші жыл қатарынан бірінші орынды бермей келеді деп хабарлайды Baq.kz.

Сауалнамаға әлемнің 142 елінен  15 жасқа толған және одан асқан 150 000 адам қатысқан. Gallup әлеуметтанушылары респонденттердің пікірін телефон арқылы, бетпе-бет жүздесу арқылы да білді.

Осыдан екі жыл бұрын тізімнің соңғы жағында тұрса да бақытты елдер қатарына кірген Сирия бұл жолы рейтингке мүлде кірмеді. Себебі ондағы азаматтық соғыс зерттеу жүргізуге әрі мәләіметтерді өңдеуге мүмкіндік бермеген.

Сауалнама барысында, негізінен, респонденттердің күңіл-күйіне, көзқарасына, әлеуметтік әл-ауқатына, ашу мен ызаға қаншалықты жиі ерік беретініне қатысты сұрақтар қойылған. Қатысқандардың 70 пайыздан астамы өмірге риза екенін, қалаған кезде демалып, қалаған ісімен айналысып жүргенін айтқан.

Тағы оқыңыздар: Президент әкімшілігі басшысының экс-орынбасары Майлыбаевқа қатысты үкім шықты

Баяндамаға сүйенсек, Латын Америка мен Оңтүстік Американың халқы басқаларға қарағанда анағұрлым бақыттырақ.

Бақытты елдер тізімінде Парагвай көш бастаса, одан кейінгі орындарда Коста-Рика, Панама, Филиппин, Өзбекстан, Эквадор, Гватемала, Мексика, Норвегия, Чили мен Колумбия елдері тұр.

Есесіне, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка халқының өмірі мәз емес. Қақтығыс, жанжал болған Украина, Ирак, Йемен, Түркия елдерінің халқы өмірінде қуанышты сәттер аз болып жатқанын айтқан.

 

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1541592-alemdegi-enh-baqytty-zhane-enh-baqytsyz-e.html