RU

Биіктіктен құлаған қостанайлық азаматтың қолы жұлынып кетті (фото)

Қостанайда ер адам 13 метр биіктіктен құлап, көптеген ауыр жарақаттар алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 маусым күні 46 жастағы ер адамға жедел жәрдем шақырылып, оған шұғыл түрде бірнеше ауыр ота жасалды.

Тағы оқыңыздар: Өскеменде 17 жасар студент қыз іс-түссіз жоғалып кетті (фото)

Орталық стадионда жөндеу жұмыстарын жүргізетін компанияның қызметкері оқыс жағдайға тап болған.

"Оның сол жақ қолы иығынан бастап жұлынып кеткен. Сол жақ жамбасы, сол жақ жіліншігі, оң жақ табаны сынып кеткен. Сол жақ өкпесі жарақаттанып, үшінші дәрежелі травматикалық шок алған", - дейді Қостанай қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Игорь Войтов.

Ер адамның қолын қайта жалғау мүмкін болмаған. Бүгінде зардап шегуші жансақтау бөлімінде. Ол әлі бірнеше ота жасатуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1542001-biiktikten-qulaghan-qostanaylyq-azam.html